Сирияда «Әл Қаида» басшысының орынбасары өлтірілді

Сейсенбі, 28.02.2022

Астана. 28 ақпан. E-ISLAM – Сирияның солтүстік-батысында АҚШ әуе күштерінің соққысы нәтижесінде «Әл Қаида» террористік ұйымы жетекшісінің орынбасары Ахмед Хасан Әбу әл-Хайр әл-Масри өлтірілді. Бұл туралы SITE сайты хабарлады, деп жазады centralasian.org.

The Guardian мәліметі бойынша, әл-Масри 26 ақпанда өлтірілген. Дүйсенбі күні Пентагон Сирияның осы ауданында әуе соққысын жасағанын растады, бірақ соққы мақсатын жасырып қалды.

«Джебхат Фатх аш-Шам, идеологиясы жағынан «Әл Қаидаға» жақын топ, әл-Масридің өлгенін растады. Жекелеген жиһадшылар да бұл ақпаратты растады», деп жазды басылым.

Қаңтар айында Пентагон әуе соққылары нәтижесінде «Әл-Қаиданың» екі жетекшісі - Мохаммад Хабиб Буссадун әл-Туниси мен Абд әл-Джалиль Әл-Муслимидің көздері жойылғанын мәлімдеді.

Оқылды 194 рет
JoomShaper
Top