Қорқыныш

Бейсенбі, 06.10.2021

Алғашқы мұсылмандар Алла мен расулына (с.ғ.с.) мықты тәуекел негізінде иман етті. Бірақ көрешекті көріп, тауқыметті тартқан еді. Әрине, сабыр ете алмағандар да болды. Олар пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келіп: «Сенің жолың дұрыс, бірақ біз саған ерсек, мүшріктер басымызға әңгіртаяқ ойнатады, жерімізден қуады» деген еді.

Хақ Тағала олар жайлы мына аятты түсірді:

«Дұрыс айтасың, бірақ саған ерсек, тура жолға түссек, жерімізден, мекенімізден айырыламыз» дейді олар. Анығында, өз тарапымыздан рақым ретінде Біз оларды әр түрлі егіс өнімдері әкелініп жиналатын, сенімді, ешкім қол сұқпайтын қасиетті өңірге (Меккеге) орналастырмадық па? Бірақ олардың көбісі бұл нығметтің қадірін білмейді» (Қасас, 57)

 

Алау ӘДІЛБАЕВ,

исламтанушы

Оқылды 299 рет
JoomShaper
Top