Әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан оқушылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндер, мүмкіндігі шектеулі балаларды қамтыған мектеп оқушыларына уақытында материалдық қолдау көрсетіу, жаңа оқу жылына дайындықтарын жеңілдету мақсатында Астана қаласы "Сәдуақас қажы Ғылмани" мешітінде "Мектепке жол "қайрымдылық шарасы өткізілді.
Шара аясында Астана қаласы Сарыарқа ауданында тұратын 100 оқушыға тиісті оқу құралдары мен мектеп сөмкесі тарту етілді. Сонымен қатар мектеп формасын алу үшін әр оқушыға ақшалай көмек көрсетілді,- деп хабарлайды "Сәдуақас қажы Ғылмани" мешітінің баспасөз қызметі.
Балалар мен ата- аналар мешіт қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірсе, Бас имам Жұманазар Садырханов бүлдіршіндерді мешіттен қол үзбей иман нәрімен сусындап,"Мәңгілік елдің" білімді де парасатты азаматтары болуға шақырды.
e-islam.kz