Ихрамды шешпей тұрып құрбандық шалу уәжіп. Ал, ихрамнан шықпас бұрын ерлер шашын толық алдырады немесе қысқартады. Әйелдер болса ұшынан қияды. Парыз тәуәбы жасалғаннан кейін қажылық аяқталады.
Ислам дініндегі «намаз, ораза, зекет,қажылық, құрбандық» секілді ғибадат негіздері ханафи
мәзһабы бойынша кеңінен түсіндіріліп, сан алуан көкейкесті сұрақтарға ғылыми тұрғыдан жауап беріледі.
«Қажылық» сөзінің тілдік мағынасы – ниет, мақсат дегенді білдіреді. Осыған байланысты әл-Халил: «Қажылық – өзі ұлы деп санаған нәрсеге ниетті арттыру», – деген.
Сауд Арабиясының қасиетті жерлері - Мекке мен Мединаға келіп, Жаратқан Иеміз Алла тағалаға құлшылық жасағанда оқылатын дұға-тілектерді, қажылықтың рәсімдерін осы кітаптан тауып алуға болады.
Ислам бес негiзге құрылған: Алла Тағаладан басқа тәңiр жоқ және Мұхаммед оның елшiсi деп куәлiк ету. Намаз оқу. Зекет беру. Рамазан айында толық ораза ұстау. Байтуллаға қажылыққа бару.