Таяу Шығыста терористік ұйымдар шабуылының белең алуы - мұнай өнеркәсібінің дамуына кері әсерін тигізіп отыр. Ирак, Ливия, Сирия, Судан және Йемен сияқты елдерде қауіпсіздіктің болмауы - елдегі мұнай саласының дамуына зардабын тигізіп, оның әлемдік нарыққа шығуына кедергі келтіруде. Сонымен қатар, бұл факторлар мұнай компанияларын инвестициялау, табыс табу және жергілікті өңірлерді дамыту жобаларына айтарлықтай нұқсан келтіріп отырғанын айта кеткен жөн болар. "Умма" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, "Бұл жағдай бәрінен бұрын Қытай мен Индияға қатты батып отыр". Бұған дейін аталған елдер тұтынатын мұнайдың 52 пайызы импорт жолымен келетін болса, 2012 жылы сәуір айынан бастап Қытайдың Ливия мен Суданнан сатып алатын мұнайының мөлшері нөлге дейін түскен.
Қалыптасып отырған жағдайда өңірдегі тұрақтылықты сақтау, бағаның ауытқуын қадағалау мен үнемі өніммен қамтамасыз ету Парсы Шығанағы елдерінің иығына жүктеліп отыр. Олай болмаған жағдайда «ExxonMobil», «Chevron» және «Genel Energy» компаниялары қызметін басқа қауіпсіз жерлерге ауыстыруға мәжбүр болады. Мысал ретінде бүгінде өте үлкен мұнай қорына ие шамамен 173 млрд. баррелі бар Канаданы айтуға болады.
E-islam.kz