«Ислам - татулық пен тағаттылықтың, жасампаздық пен жарасымдылықтың діні»

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев

Басты бет Пікірталас алаңы Садақаны қайда берген дұрыс?

Садақаны қайда берген дұрыс?

Бөлісу
08.11.2021 18 пікір 1003 рет қаралған
Біздің көшенің бойында бір мүгедек кісі үнемі қайыр сұрап отырады. Кейде жанымда артық ақша болған жағдайда садақа беріп тұрамын. Көршім садақаны мешітке беру керек деп еді. Садақаны кімге немесе қайда берсе сауабы көп болады?
Samal.
19.11.2021 15:10
Егерде кімде кім садақа бергісі келсе елімізде арнайы зекет қоры бар. Садақаны сол жерге берген дұрыс.
2
23
3
23
0
Akniet
19.11.2021 17:59
Осыдан біраз бұрын Дін істері агенттігінің экс басшысы Қайрат Лама Шәріп зекет пен садақа ванкоматтар арқылы берілетінін айтқан еді. Алайда ол кісінің бұл көтерген бастамасы сол күйі аяқсыз қалды. Негізі біздегі садақа мен зекет беруде және олардың игі істерге жұмсалуына қадағалау күшейтілген жөн. Сосын тағыда айтарым зекетті кім көрінгенге бере берген де дұрыс емес. Ең абзалы берген зекетіңнің игі іске жұмсалуына көзің жетіп тұрса ғана берген жөн.
2
31
4
31
0
Айшагүл
19.11.2021 18:31
Садақаны жетім-жесірлерге, балалар үйіне, мешіттерге берген дұрыс. Көшеде кездескен мүгедек жандарға да беріп тұрған абзал. Өзіңде бар болып, өзгеге бергенге не жетсін?
2
34
3
34
0
гуля
20.11.2021 17:43
садақаны кемтарларға, жетім-жесірлерге берген дұрыс. оны мешіт арқылы ма, тікелей бересің бе ол өз шаруаң
2
35
2
35
0
Aibek
21.11.2021 11:48
Садақаны нағыз мұқтаж жандарға берген дұрыс қой. Алайда көшеде алақан жайып отырған қайыршыларға зер салып қарасаңыз көпшілігі осы қайыршылықты кәсіп етіп алғанға ұқсайды. Өткен жолы жұма күні мешіт жанындағы көшеде алақан жайып қайыр сұрап отырған бір кісіге садақа тастап едім. Кейін әлгі қайыр сұрап отырған кісіні көше бойындағы сыраханадан байқап қалдым... Көпшіліктің Алла разылығы үшін берген қаржысын шайтанның сідігіне жұмсап отыр. Қазір көшеде қайыр сұрап отырған кісілерге не берерімді, не бермесімді білмей дал болам. Түрлеріне қ
2
37
3
37
0
Жалғас
21.11.2021 16:17
Садақа ислам діні бойынша қайырымдылық мақсатында мұқтаж адамдарға берілетін ақшалай немесе заттай көмек. Садақа беруші қайырымдылық көрсетумен қатар, күнәсін жуу, қапыда келер көлденең кесапат, қиындықтардың алдын алып, сақтану мақсатын да көздеуі мүмкін. Садақаны мүмкіндігі бар адамдар береді. Садақа ақша, киім-кешек, көмек көрсету, тұрғын жай беру, қарызын немесе міндеттемесін кешу түрінде болады. Садақаның парыз етілген түрі — дәулетті адамдар беретін “Зекет” және ораза айында бүкіл мұсылмандар беретін “Пітір” садақалары. Садақа
2
44
3
44
0
гуля
27.11.2021 14:56
зекет пен садақа екі бөлек нарсе, зекет жылына бір рет міндетті нәрсе болса, садақа пейіліңе қарай бере бер
2
54
1
54
0
Өмірхан
27.11.2021 17:32
өзің тұрмысы төмен отбасына көмектесіп тұрсаң да болады
2
63
3
63
0
Turar
27.11.2021 17:46
біздің байлар қашан араб шейхтары сияқты садақа, зекеттерін берер екен
2
68
2
68
0
Асеке
27.11.2021 18:50
Басқаны білмеймін, өзім садақаны мешіт ішіндегі жәшікке салғанды жөн көремін. Себебі, мешіт қызметкерлері садақадан жиналған қаражатты игілікке жұмсайтынына сенем. Ал көше бойларындағы, базар маңындағы қайыршылар садақдан түскен ақшаларына арақ алып ішетін көрінеді. бұған бірнеше мәрте көзім де жеткен. алайда, бұл көпке топырақ шашу емес, қайырлы нәрсеге жұмсайтындар да бар шығар....
2
74
3
74
0
ASKAR AKAN
30.11.2021 15:22
Жуырда Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Зекет Қоры құрылды. Бұрын жұрт садақаны мешітке барып беретін еді, кейін банк есепшоттары арқылы төленетін болды. Ал қазір заманға сай заманауи шешімдер де қосылып жатыр екен.
2
85
3
85
0
ASKAR AKAN
30.11.2021 15:23
Бізде де жаман емес беріліп жатыр
2
86
1
86
0
Aigerim
04.12.2021 11:36
Садақаны мешітке берген дұрыс. Алланың үйі ғой. Ал, сенің берген садақаңды имамдар игі нәрселерге жұмсайтын шығар
2
93
2
93
0
Жандос Жұма
05.12.2021 11:05
Садақаны мешітке, жетім жесірлерге берген абзалырақ болар еді... Ал Зекетті Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Зекет Қорына аудару қажет. Қазақ "Көп түкірсе көл" демеуші ме еді. Халықтың ықылас ниетімен берген қаржы ауқымды игі істерге жұмсалуы керек. Зекет Қоры ауқымды жобаларды іске қосуы керек. Сонда ғана халықтың мүдесінен шыға алады.
2
103
2
103
0
Айша Қуат
06.12.2021 14:56
Зекет пен садақаны шатастырмаған жөн. Зекет мешітке жыл сайын берілетін міндетті садақа Исламның бес парызының бірі әрі оның көлемі де аранайы есепті қажет етеді. Ал садақа беру ол өз жомарттығыңа байланысты. әлбетте ешкім байларға садақа бермейді, жетімдер мен жоқ- жітіктерге, мұқтаж адамдарға аптаның кез-келген күні, кез-келген сағатында бере бер.
2
108
1
108
0
Асылан Оралбек
24.12.2021 11:16
Садақаны ең дұрысы ілім жолындағы кісілерге берген дұрыс. Оның сауабы өте мол болады....
2
117
0
117
0
Иса
12.02.2022 11:15
Садақа деген сөзді ұққан адам садақаны қайда беретінін біледі. Сондықтан садақа туралы мақаланы оқыған дұрыс деп ойлаймын. Ал менің пікіріме келер болсақ Имамдарға садақа берілмейді, олардың малы менің малымнан көп, мешітке берілмейді оны кім қалай қайда жумсары белгісіз. беріледі: қараушысы жоқ жетімдерге, иманды болашағынан үміт күттіретін студенттерге беріледі. жолда қалған адамға және туыстарыңызға да бере аласыз. туысқа көмек ретінде берілгені абзал.
2
124
2
124
0
Иса
12.02.2022 11:16
Сдақа зекет қорына берілмейді. Зекет қорына зекет беріледі, аты зекет қоры деп тургой жанжагына қарасаншы.
2
125
1
125
0

Онлайн консультация

Аталған форма көмек орталығының маманымен онлайн сөйлесуге арналған.

Онлайн консультация

Аталған форма көмек орталығының маманымен онлайн сөйлесуге арналған.
Ведите сообщение: