Несиеге пәтер алмақшы едім. Ислам дінінде бұл туралы не делінген?
Бөлісу
08.11.202114 пікір1490 рет қаралған
Бүгінгі күні екінің бірі екінші деңгейлі банктерден несие алып, пәтер алуда. Зайырлы мемлекетте банктерден несие алуға байланысты ислам ғалымдарының пәтуасы бар ма?
Қазіргі қоғамда екінің бірі несиеге рәсімдеп пәтер алуда. Көпшілік бұлай жасауға мәжбүрлікпен баруда. Ислам дінінде "несиені алған да, бергенде харам болғандықтан бұған жоламаған дұрыс.
Асыл дінімізде "Несиені харам" деп үкім шығарылған. Алайда Мен өзім жеке басым ипотекаға пәтер алуға мәжбүрмін. Ертеңгі күні (ахиретте) мұның жазасы болама? Қай бір жылдары Мысырлық шейхтары Ипотекаға үй алуға болады деген пәтуа шығарған еді. Біздің Мүфтиятта осы мәселеге қатысты арнайы пәтуа шығаруы керек деп ойлаймын.
Осыдан 6 жыл бұрын туысқан ағам несиеге рәсімдеп пәтер алған еді. Өзі көп ұзамай жол апатынан көз жұмды. Артында 4 баласы мен әйелі аңырап қалды. Ағамыздың қырқын бермей жатып банк қызметкерлері сот орындаушыларын ерте келіп үйдің ақысын тұрақты төлеуді немесе үйді босатуды талап етті. Бір азаматтың тапқанымен күнелтіп отырған отбасыға ауыр соққы болып тиді. Шиеттей бала-шағасымен жесір қалған жеңгем айына 120 мың теңгені тауып беруге тырысып көрді. бәріміз жабылып тырысқанымызбен бір жарым жыл ғана төлей алдық. Сосын бар жиған тергеніміз т
пәтерді несиеге алу заманның, қоғамның талабы, Несие алмай пәтер алатындар некен саяқ қана бұл жерде пәтер алушы ақша айналдырып пайда тауып отырған жоқ, керісінше пәтердің екі құнын төлеп отыр. бәленің бәрі несие жүйесі арқылы байып шыққан еврейлерде жатыр
жеке пәтері болғанды кім жек көреді, тіпті ол арман ғой, ал таза табыспен алу одан өткен арман, сондықтан несие алуға мәжбүр боласын. Заманға талабына байланысты ҚМДБ осы мәселеге бір пәтуа шығаратын уақыт та келер
Алла кешірімді емес пе? Ол мейірбан, рахымды. баспана мәселесі қазір өте өзекті мәселе. қай қазақтың да басында бар мұң. осы өзекті мәселені, ауыр мұңды несие жолымен алып, бала шағаңды бір қуантқанға не жетсін. әсіресе, бүгінгі қоғамда. заманына қарай амалы деген емес пе? Арақ та о баста харам болмаған. оның зияны білінген соң, харамдар қатарына қосылды. Алла несие жолымен баспана алуды күнә боласа да кешіреді деп ойлаймын.
Ипотека деген қазақша несие. Банктен алдын үстеме қосып қайтарасын ал дінімізде ұстеме төлеу харам болып саналады.
Мұсыман елдеріндегі дей ислам даму банк бар ал бізде азрге жоқ.
ол банк ұтемесіз несие береді.
Бізге де осындай банктерді ашқан дұрыс.
Асыл дінімізде "Несиені алған да, берген де үлкен күнаға батады" деп айтады. Бұл мәселе жайында пәтуаны не депшығарады Діни басқар ма? Бұл аты айтып тұрғандай харам нәрсе ғой... Лажы болса жоламаң дар бауырлар...
Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде «Бақара» сүресінің 275 аятында: «Алла сауданы халал, өсімді харам етті».
Осы аяттың өзі кредит алуға тоқтам болуы тиіс. Жаратушы Алла жаратылғанның жайын, оған ненің жақсы, ненің зиян екенін жақсы біледі. Діндардар қанша жерден Ипотека алуға болады деп пәтуа шығарса да мына аяттан аттап кете алмайтын шығар.
Жоғарыдағы пікірдердің басым көпшілігі бір жақты жазылған екен. Пікірлерінен олардың әсіре діншіл екендігі көрініп тұр. Олар мына қоғамдағы жағдайға мән беріп қарамайтыны көрініп тұр. Дін-дін, харам-харам деп қақсай бергенше осы мәселенің оң шешімін табуға септігі тиер ұсыныстар айтса жөн болар еді...