«Ислам - татулық пен тағаттылықтың, жасампаздық пен жарасымдылықтың діні»

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев

Басты бет Пікірталас алаңы Сирияға "жиһад" деп кеткен жастарымыздың мұндай қадамға баруларына не себеп деп ойлайсыз?

Сирияға "жиһад" деп кеткен жастарымыздың мұндай қадамға баруларына не себеп деп ойлайсыз?

Бөлісу
08.11.2021 17 пікір 846 рет қаралған
Қоғам назарын аударған Сириядағы қазақстандық экстремистер еліміздегі БАҚ - тың басты тақырыбына айналды. Жалпы саны 150 адам отбасы, бала-шағасымен бірге, жиһад жасаймыз деп Сирияға аттаныпты деген хабар әлі күнге дейін жалғасуда. Сіздің ойыңызша, бұл арандатушылық па?
Aibek
21.11.2021 11:28
Осыдан бір ай бұрын «Сириядағы жиһадшы 150 қазақ» әлеуметтік желілерде біраз талқыланған болатын. Сол кезде Сириядағы жиһадшы қазақтардың видеосы көпті біраз ойлантып, толғантқалы бәрімізге белгілі. Бүгінгі күні азаттық радиосы аталмыш жихадшы қазақтар жайлы дүркін-дүркін сараптама мақалалар беріп жатыр. Жастарымыздың мұндай көзсіз әрекеттерге баруына елдегі діни білім беру мәселесіндегі олқылықтар мен діни сауатсыздықтың салдары әсер етіп отыр. Мемлекет болсын, Діни басқармалар болсын олар халықтың рухани қажеттілігін өтей алмай от
2
36
3
36
0
Өмірхан
21.11.2021 15:17
Жихад сөзі мен ұғымын теріс пиғылды дін уағызшылары өздерінің мақсатына қарай бұрып жеткізіп жүр. Діннен хабары жоқ адам оны қалай атса солай қабылдап, теріс түсінеді. Яғни Жихадты тек қана қару алып, адам өлтіру, қару алып, күш қолдану деген мағынада түсінеді. Ақиқатында, Құранда, АЛЛА Тағала – «кәпірлерге, мұнафықтарға қарсы үлкен жихад жаса, онымен»-деп тұр. Яғни «онымен» деп, Құранды айтып тұр. Яғни, Исламға қарсы, мұсылмандыққа қарсы адамдарға Құран арқылы ақиқатты үйрет, оларды исламға мойындат деп тұр. Нақтырақ айтқанда, Құран арқылы,
2
43
3
43
0
гуля
27.11.2021 15:04
Қазір білектің күші емес, білімнің күшінің заманы емес пе , осы саясатпен әрекет ету қажет , ашылған барлық ғылыми жаналықтың авторлары кім десең, жауабын бақша баласы да бере алады, сондықтан білім іздеу керек, қару емес
2
55
1
55
1
Гүлмира
27.11.2021 17:01
сол бишаралар әуелі отандарын қорғап үйренсе ғой. Ислам жолында журміз дегенмен олар құрығанда ислам ғалымдарының бір кітабын қолдарына ұстады ма екен. сол білімі жоқтықтан адасып кетіп жатыр ғой.
2
59
2
59
0
Өмірхан
27.11.2021 17:40
Құранды оқы , өзинди өзгенин өзегі өртенердей етіп көрсет. сол кезде қалаған адамың өзі ақ алдына келеді. Осы жиһадшылардың кесірінен Асыл дінімізді бәріне құбыжық етіп бітті. Гуля дұрыс айтады.
2
66
3
66
0
Turar
27.11.2021 17:57
ислам дінімен бейбітшілік келуі керек қой, ал бұл жиһадшылар кімді қуантты екен осы күнге дейін естіген емеспін
2
72
4
72
0
Асеке
27.11.2021 19:37
осы жихад, шиид секілді ұғымдарды онша түсіне бермеймін расын айтқанда. бірақ, исламның мәжбүрлеуші дін емес, мұсылманға, Алланың құлына ыңғайлы дін екенін жақсы білем. шын мұсылцманның тірі жанға залалы тимеуі керек. және Алланың бұйырғандарын, Мұхаммедтің сүннеттерін орындауы керек. өз дінімізді укүрделендірмей, жеңілдете түссек екен.
2
79
4
79
0
Aibek
29.11.2021 15:35
Тыныш заманда дін үйреніп, білімін жетілдіріп, үйренгендерін өзгеге үйретіп, сауапқа кенелудің орнына мыналардың ісі шектен шыққандық екен...
2
81
4
81
0
Aibek
29.11.2021 15:36
Aibek Turar
Бұлар әбден санасы уланғандар ғой.... Бұлар адам қалыбынан шығып, робот сияқты қожайынының айтқанынан шықпайтындар...
2
82
4
82
0
ASKAR AKAN
30.11.2021 15:36
Сирияға аттанған қазақстандық "жиһадшылардың" азаматтығы тексерілуде. Елдің сыртқы істер басшылығы аталған тұлғалар Сирияға Түркия аумағында орналасқан босқындар лагері арқылы визасын рәсімдемей енуі мүмкін деген болжам жасады. Бұлар БАҚ нысанасына ілініп қалғандар шығар. Меніңше мұндай мәңгүрт қазақстандықтар қазір еліміздің әр өңірінде толып жүр ғой.
2
88
3
88
0
Aigerim
04.12.2021 11:44
Сирия еліне аттанған қазақстандықтарға қатысты туындайтын бірнеше сауал да бар көкейде. Ең бірінші мәселе біздің азаматтар Сирияға қалай кетіп қалды? Қандай жолдар арқылы жетті ол жерге? Бала-щағаларын шұбыртып шетелге шығып кетулеріне кімдер мүмкіндік берді? Құзырлы органдар бұл жағдайды шынымен білмей отыр ма? Міне, бұл сұрақтарға әзірге жауап берген ресми тұлға жоқ. Қалың бұқара әлеуметтік желілерде талқылып, түрлі болжамдар айтып жатыр. Сөз басында айтқанымыздай Сирияға барғандардың арасында кәмелеттік жасқа толмаған балалар бар. Олардың бейнесін көрдік видеодан. Ал, Қазақ елі Конституциясының 11 бабының 2 тармағында былай делінген: «Республика өзiнiң одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепiлдiк бередi». Ата заңның 27 бабында: «1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттiң қорғауында болады...» дейді. Содан соң «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» деген Заң бар бізде. Сол заңның 10-бабында: «1. Әрбiр баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы бар.
2
95
3
95
0
Жандос Жұма
05.12.2021 10:56
Осы тақырыпқа қатысты белгілі исламтанушы ғалым, Мұхан Исаханның пікірін беруді жөн көріп отырмын: "Сириядағы қазақтар туралы видеороликті көргенде түк таңғалған жоқпын, керісінше, ғаламторда осы ақпарат жарияланғанда жұрттың жапатармағай ұлардай шуылдағаны таңқалдырды. Оның себебі, біріншіден, бұл жағдайға жеті-сегіз айдан бері қанықпын. Екіншіден, алты ай бұрын Жезқазған мен Сәтбаевтан қырық жеткіншектің "жихад" деп Сирияға аттанғандығы туралы абай.кз сайтында ашық жаздым. Менің білетінім, ертең жарылыс жасайтын, яки "жихад" деп жанынан безінетін жастар өсіп келе жатыр. Соны сезініп тұрып алдын алмаймыз. Енді болары болып, бояуы сіңе бастағанда, қаздай шулап қоя бердік. 2050 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламамыз бар деп бөсіп сөйлегенде алдымызға қара түсірмейміз. Ал шын қауіптің алдын алуға келгенде "әшейінде ауыз жаппас, керек кезде сөз тапппас" бола қаламыз. Түптеп келгенде, мені Сириядағы жағдай емес, самарқаулығымыз шошындырып отыр..." Шынында да біздің бейғамдығымыз біздің түбімізге жетпесе болғаны...
2
102
2
102
0
Айша Қуат
13.12.2021 15:35
Қазақ біреу тойып, біреу тоңып секіреді және өзге жұртта сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол деген емес пе?
2
115
1
115
0
Асылан Оралбек
24.12.2021 11:24
Олардың елімізге қауіп төндіруі мүмкін. Жих адшылар соғысқа қатысып келген адамдар дайын кісі өлтіруші болып есептеледі. Олардың елге қандай пиғылмен оралатындары да белгісіз.
2
119
1
119
0
Иса
12.02.2022 11:45
ішінде сенің бауырың болса осы сөзді айтар ма едің? Алла сақтасын болмасын мен жай мысал ретінде айтып жатырмын айтқан сөзіңе қарай?
2
127
0
127
0
Иса
12.02.2022 11:50
Сирияда біздің елден 23 азамат білім алып жатыр қазіргі таңда. Ал осы уақытқа дейін қанша барып келгенін кім біледі. Оны ешкім білмейді. Міне осы оқып келгендердің ұстаздары шақырған және интернеттен сабақ беретін алатын адамдардың байланысы арқылы болған бұл оқйға. Еліміздің құзырлы оргондары бұған пәрменсіз болып отыр. Алайда дін істері агенттігі бұл істі қолға алар деген үміттеміз.
2
128
0
128
0
ertai
12.02.2022 16:54
ассалямағалейкум Сирияға кеткен жиһадшы бауырларымыздың егер сол жаққа кеткендері рас болса ол біздердің қатеміз. қалай ойлайсыздар олар неге кетті??? олардың ниеті не? оларға қажеті Аллаһтың разылығы десек онда ол кісілерге рухани дұрыс білім бере алмағандығымыз ҚМДБ уағыз-насихатты жетерліктей жүргізе алмауынан және бір себеп материалдық жағдай ақша үшінде кетулері мүмкін мемлекетіміздегі жұмвссыздық халықтың жағдайының нашарлығы. Біздің мемлекет сырт көзгн бай бақуатты мемлекет болып көріңгенімен халықтың жағдайы нашар көп мөлшері кредитке батқан ал жалақы орташа ҚАЗАҚСТАНДА 50-60 мың теңге. кейбір министирлеріміздің есеп бергеніндей орташа жал ақы 90 мың емес. жеріміздің асты толған кен-байлық оның пайдасын кейбір қара басынғана ойлаған әкім-қаралар мен шет елдіктер пайдасын көруде бұл жетіспеушілікте бір себеп болуы мүмкін, және зайырлы мемлекетпіз деп барлық сектанттарға есікті айқара аштық оларда бұл мүмкіншілікті жақсы пайдалануда, біздің елге мықты қатаң заң керек бұндай жағдайлар қайталанбаулары үшін, және дінді таратуда кім көріңген емес нақты рұқсаты бар ілімді адамдар болуы керек Имамдарда жақсылап жұмыс істеулері керек. мемлекет біраз халыққа көңіл бөліп жұмыс істеулеріне жағдай жасау керек сүліктей қарапайым халықты сорғанды қойып басшылар халыққа жұмыс істесін.
2
129
0
129
0

Онлайн консультация

Аталған форма көмек орталығының маманымен онлайн сөйлесуге арналған.

Онлайн консультация

Аталған форма көмек орталығының маманымен онлайн сөйлесуге арналған.
Ведите сообщение: