«Қазіргі уақытта 800 дін қызметкері немесе жалпы қызметкерлердің 20%-ы жоғары білімді. 27% немесе 1033 адам орта білімді, 1786 имам-молда немесе 54%-ы біліктілікті арттыру курсынан өтті. Өткен жылы 270 имам Ислам институтында екіайлық курста білім алды» дейді Е.Малғажыұлы.
Бас мүфти дін қызметкерлерінің білімін көтерудің жан-жақты мүмкіндіктерін қарастырып отырғанын жеткізді. «2016 жылы осы бағытта 204 семинар өткізілді, оған 2986 имам қатысты. Бұдан бөлек, кадрларды «әл-Әзһар» Египет ислам университетінде, Түркиядағы «Хасеки» академиясында арнайы курстардан өткіземіз» деп атап өтті ҚМДБ төрағасы.