Сауд Арабиясы Абдужаббаровты Қазақстанға қайтарды

Сейсенбі, 21.02.2022

Астана. 21 ақпан. E-ISLAM –  Қазақстанда соңғы жаңалықтар Сауд Арабиясы радикалды ұйым 18 ақпанда ҰҚК бағдарлауы бойынша Сауд Арабиясынан Қазақстанға республика азаматы А.Абдужаббаров қайтарылды.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Хабар 24.

Ол 2015 жылдан бастап Қылмыстық кодекстің 174 (діни алауыздықты қоздыру) және 256-баптарында (терроризмді насихаттау) көзделген қылмыстарды жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде болған. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары шеңберінде оған қатысты тұтқында ұстау түрінде бұлтартпау шарасы таңдалған. Тергеу ақпараты бойынша Абдужаббаров 2000 жылдары Қазақстанның батыс облыстарының діндарлары арасында «тәкфір» идеясын таратқан.

Жалған уағыздаушының әрекеті Ақтөбе, Атырау және Орал қалаларында жасырын радикалды ұйымдардың пайда болуына ықпал еткен. Оның кейбір ізбасарлары елімізде террористік акцияларды жасауға қатысқан. Өзгелері содырлардың топтарына қосылу үшін Ауғанстан мен Сирияға шығып кеткен. Абдужаббаров 2006 жылдан бері Сауд Арабиясында болып, Қазақстандағы мұсылмандар мен шетелде оқып жатқан студенттерге ықпал етуін жалғастырған. Алайда 2015 жылдың желтоқсанында экстремистермен байланысы бар күдікті ретінде Медина қаласында полицияның қолына түскен. 2016 жылдың қазанында Түркияға шығарылып, ол жақ та саяси баспана беруден бас тартып, Сауд Арабиясына қайтарылған.

Оқылды 341 рет
JoomShaper
Top