Террористер iPhone іспеттес тапанша қолдануы мүмкін

Бейсенбі, 12.01.2022

Астана. 12 қаңтар. E-ISLAM – Еуропа елдерінің полиция басқармалары АҚШ-та жасалған тапаншалардың қауіптілігі туралы дабыл қақты.

Тапанша сытқы формасы iPhone смартфонымен бірдей болуымен қорқыныш тудырып отыр.

Құқыққорғау органы мәліметінше, «телефон-тапанша» Еуропа елдеріне заңсыз жеткізілуі мүмкін, ал оның салдарынан қылмыстар көбею қаупі бар.

«Бұл тапаншаны телефоннан ешкім ажырата алмайды. Қылмыстық топтар осы қару арқылы жаңа шабуылдар жасауы мүмкін» делінген мәлімдемеде.

Айта кетсек, Құрама штатта суық қару алдағы бірнеше апта ішінде өндіріле бастайды. Қазіргі уақытта 12 мыңнан аса алдын ала тапсырып берілген.

Оқылды 583 рет
JoomShaper
Top