Түркия мен Сирия шекарасына қабырға орнатылады

Бейсенбі, 03.11.2021

Астана. 3 қараша. E-ISLAM – Сирия-Түркия шекарасындағы бетон қабырға құрылысы 2017 жылы аяқталады. Бұл жайында Түркия Қорғаныс министрі Фикри Ышык мәлімдеді.

Қазіргі уақытта 270 километр қабырға құрылысы аяқталған. Еске сала кетсек, қабырғаның жалпы ұзындығы 800 километрді құрайды. Бұған дейін Түркия мен Сирия шекарасында бақылау камералары мен сым-темір қоршаулары орнатылғаны туралы хабар таралған болатын. Бұдан бөлек, шекара аймағына қосымша әскерилер мен қызметкерлер жеткізілді. Түркия билігі бұл шараларды ел шекарасынан содырлар мен заңсыз босқындардың өтіп кетуінің алдын алу мақсатында қолға алған.

Оқылды 460 рет
JoomShaper
Top