Түркия Гүленді экстрадициялауға кірісті

Сәрсенбі, 07.09.2021

Астана. 7 қыркүйек. E-ISLAM – Түркия Республикасы Әділеттілік және даму партиясының делегациясы америкалық шенеуніктермен Фетхуллах Гүленді эктрадициялау мәселесін талқылау үшін Вашингтонға аттанды. Бұл туралы AHaber телеарнасы хабарлады.

Түрік шенеуніктері мінген ұшақ Ататүрік әуежайынан сейсенбі күні ұшып шыққан. Бес депутаттан құралған делегацияға партияның халықаралық мәселелер жөніндегі бас хатшы кеңесшісі Мехди Экер жетекшілік етеді.

«Біз осы сапар барысында АҚШ-тың Демократиялық және Республикалық партия өкілдерімен, конгресс сенаторларымен, Палата мүшелерімен кездесеміз. Сондай-ақ, азаматтық қоғам ұйымдарымен, БАҚ өкілдерімен де сұхбаттасамыз. Жоспарымыз жүйелі, бағдарлама тығыз» дейді Мехди Экер.

Оқылды 340 рет
JoomShaper
Top