Мәскеу мешітінің сәулетшісі өмірден өтті

Сәрсенбі, 24.08.2021

Астана. 24 тамыз. E-ISLAM – Мәскеу орталық мешіті жобасының авторы, сәулетші Игорь Тәжиев өмірден өтті.

Белгілі архитектор 69 жасқа қараған шағында инсульт салдарынан қаза болған.

Игорь Тәжиевтің денесін әкесімен қатар зиратқа жерлейтін болды, деп жазады «Московский комсомолец».

Тәжиев – Мәскеу қаласының құрметті архитекторы. Оның танымал туындылары қатарында Мемориалды мешіт, Рязань даңғылындағы православтық шіркеу және Мәскеу орталық мешіті бар.

Ол сонымен қатар Нижегородск облысының Медиана ауылында мұсылман мәдени орталығын, Шешенстан республикасының Шали қаласындағы мешітті тұрғызған. Бұдан өзге Чехов атындағы Мәскеу көркем академиялық театрының сахналық кешенін әзірлеген.

Сәулетшінің әкесі –Ибрагим Тәжиев. Қазақстанның үкімет төрағасы, Кеңес үкіметі Энергетика министрі қызметін атқарған белгілі қоғам қайраткері. 

Оқылды 147 рет
JoomShaper
Top