«Үшқоңыр» медресе-колледжі жаңа оқу жылына дайындығы текесерілді

Дүйсенбі, 22.08.2021

Астана. 22 тамыз. E-ISLAM – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Діни білім және ғылым» бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Қыдырбайұлы Алматы облысы «Үшқоңыр» медресе-колледжінің жаңа оқу жылына дайындығымен танысты.

Тексеру барысында медресенің жаңартылған оқу кабинеттері, оларға жүргізілген заманауи безендіру және қажетті оқу-әдістемелік құралдарымен танысып, жалпылама ішкі дайындық жұмыстарына өте жақсы деген баға берді.

Колледж еңбек нарығында 0112000 «Исламтану» мамандығы бойынша мемлекеттік лицензияға сәйкес («№ KZ14LAA00006351, 21.12.2021 жыл») техникалық және кәсіптік білім беру саласында қызметін жүзеге асырады.

Оқу нысаны – күндізгі.

«Үшқоңыр медресе-колледжінің» басты мақсаты –  өз саласындағы біліктілігі жоғары, бәсекеге қабілетті маман дайындап  және Қазақстанның жарқын болашағы үшін аянбай қызмет ететін, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, патриоттық рухта тәрбиеленген тұлға жетілдіру.

Қабылдау негізгі (9 сынып) және жалпы орта (11 сынып) білім базасында жүргізіледі.

«Үшқоңыр медресе-колледжі» Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы елді мекенінде тұңғыш діни салада колледж дәрежесін иеленген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қолдауымен қызметін бастаған оқу орны.

2015-2016 оқу жылында алғаш рет «Исламтану» мамандығы бойынша 26 түлек бітіріп шықты. Бітірген түлектеріміз Республикалық біліктілікті растау және тәуелсіз бағалау тестіне 100  пайыз қатысып, орташа 95 балл алды. Бұл колледж ұстаздарының бәсекеге барынша қабілетті мамандар дайындап отырғандығының басты көрсеткіші болып табылады. 2016-2017 оқу жылына 147  талапкерден  өтініш келіп түсті.

Колледждің жыл сайын материалдық техникалық базасы нығайып келеді. Бірінші, екінші қабаттар соңғы еуропалық үлгідегі талаптарға сай жөнделген, оқу-зерттеу кабинеттері жетілдірілген. Оқу мекемесі толық интернет желісіне қосылып, оқу тәрбие үрдісі техникалық құралдармен, оқу әдістемелік әдебиеттермен, көрнекілік және дидактикалық материалдармен толық қамтылған. 100 орындық жатақхана, асхана, екі компьютер сыныбы және студенттердің денсаулығын қадағалап отыратын арнайы медициналық бөлме бар. Колледж ғимаратының  ағымдағы жөндеу мен жылыту маусымына дайындау жұмыстары  аяқталды.

Бүгінгі  таңда колледж жаңа оқу жылына толықтай дайын.

Оқылды 534 рет
JoomShaper
Top