Қазақстанның ИҚҰ шеңберіндегі ынтымақтастығы

Сәрсенбі, 21.08.2021
Қазақстанның ИҚҰ шеңберіндегі ынтымақтастығы

 

 

 

Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ)(2011 жылдың 28 маусымына дейін - Ислам конференциясы ұйымы (ИКҰ) 1969 жылы 25 қыркүйекте мұсылман мемлекеттерінің бастамасымен құрылған.

Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ)(2011 жылдың 28 маусымына дейін - Ислам конференциясы ұйымы (ИКҰ) 1969 жылы 25 қыркүйекте мұсылман мемлекеттерінің бастамасымен құрылған. Бүгінгі таңда 57 ел мүше, жалпы халық саны 1,2 миллиардқа жетіп отыр. Ұйымға Ресей, Босния және Герцеговина, Тайланд бақылаушы ретінде қатысады. Ұйымның штаб-пәтері Сауд Арабиясының Джидда қаласында орналасқан. ИҚҰ-ның басшысы – Бас хатшы, ал атқарушы органы – Бас хатшылық деп аталады. Бас хатшыны мүше елдер Сыртқы министрлер конференциясында бір мәрте 4 жылға сайлайды. Ұйым жанынан ашылып, дербес жұмыс істейтін төмендегідей органдар мен құрылымдар бар. Олар Ислам даму банкі, Ислам жаңалықтары агенттігі, Экономика және мәдени мәселелер жөнінде ислам комиссиясы, Иерусалим қоры, Ислам астаналары ұйымы, Ислам ғылыми-техникалық даму қоры және тағы басқалар.

ИЫҰ-ның пайда болуының негізінде діни оқиға жатқанын естен шығармағанымыз абзал. Израильдің сионистік топтары Ислам әліміндегі ең қасиетті саналатын Әл-Акса мешітін өртеп жібергеннен кейін, осындай шектен шыққан оқиғалардың алдын алу үшін Ислам конференциясы ұйымы құрылғаны белгілі. Қазіргі таңда ұйымның құрамында Ислам даму банкі мен Ислам білім беру ұйымдарының жұмысы жемісті болып тұр. Ал саяси мәселелердің түйінін тарқатуға ұйымның мүмкіндігі болмауда. Ислам елдері конференциясы ұйымының қанат жаюына Батыс елдері мүдделі емес. Мәселен, Мысыр кезінде Араб әлемін айрандай ұйытатын мүмкіндікке ие болды. Өкінішке орай, олар Израильмен соғыста жеңіліп, Израиль мен АҚШ-тың құпия келісімін қабылдауға мәжбүр болғанын бәріміз білеміз. Осыдан кейін Мысыр мен өзге Араб елдері арасында салқындық пайда болғаны белгілі. Бүгінде Араб елдері арасында Израильдің тек Мысырмен ғана дипломатиялық байланысы орнаған.

Қазақстанның ИҚҰ шеңберіндегі ынтымақтастығы


Қазақстан 1995 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының мүшелігіне қабылданды. Ислам әлемімен белсенді ықпалдастық - Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі. Өз жағынан Ислам әлемі Қазақстанды мұсұлман қоғамдастығының ажырамас мүшесі ретінде қарастырады.

ИҚҰ-ның қатарына енгеннен кейін Қазақстан Бас хатшылықпен, субсидиялық мүшелермен және Ұйым институттарымен қарым-қатынасын тұрақты дамытуға тырысуда. Қазақстан делегациялары ИҚҰ-ның барлық ірі шараларына қатысты, олар: (1997 ж. желтоқсанда Тегеранда (Иран) өткен ИҚҰ-ның 8-ші Саммиті, 2000ж қарашада Доха (Катар) қаласында ИҚҰ-ның 9-ші Саммиті және 2003 ж.қазанда Путраджайяда (Малайзия) 10-ші Саммит), Сыртқы Істер министірледің мәслихаттары (24-ші СІММ-нен Джакартада (Индонезия) 1996 ж. желтоқсанда өткен 33-ші СІММ-ге Бакуда (Әзербайжан) 2006 ж. маусымға дейін), осыған қоса әржылдық үйлестіру СІММ БҰҰ-ның Бас ассамблеяның жұмыс барасында.

Қазақстанның мұсылман елдерімен қарым катынастарын арттыру еліміздің ұзақ мерзімді мүдделерімен қатар, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 1 мамырдағы жолдауына сәйкес келеді.

Қазақстан полиэтникалық және көпконфессионалдық ел бола отырып, өркениеттер мен діндер арасындағы диалогті дамытуға бағытталған глобалдық процесті толығымен жақтайды. Сондықтан, Қазақстанның ИКҰ жұмысына басқа да ірі аймақтық және глобалдық ұйымдармен қатар, белсенді қатысуы, қазіргі таңда үлкен маңызға ие.

ИКҰ шеңберінде мәдениеттердің жақындасуы және өркениет диалогы дамуы мәселелерінің артуына байланысты Қазақстанның әлемдік және дәстүрлі діндердің жиналысын шақыру туралы бастамасына қолдау көрсету жөніндегі 2005 ж. маусымда ИКҰ-ның СІМ 32-кеңесінің резолюциясын қабылдау жұмыстары атқарылды.


Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

 

 

 

 

Оқылды 876 рет
JoomShaper
Top