Адамның арын төгу - оны өлтірумен тең. Ендеше қаншама жанды жазықсыз еңіреткен педофильдердің де жазасы жеңіл болмағы керек! Ұлыбританияда 3 жыл бойына 60-тан астам мектеп жасындағы балаларды зорлап келген мұғалімге қатысты факт жарияға шыққалы Ұлыбритания мемлекетінен тыным кетті. Сондай-ақ, Ұлыбританиядағы педофильдер тарапынан жасалып жатқан қылмыстар осы бір ғана фактімен шектелмейді. Осынау масқара қылмысқа қарсы әрекет етуге биліктегілердің ат-тұяғы қалмай араласқаны бар. Енді міне "Ұлыбританияда педофилдер мен лаңкестердің жазасы теңестірілетінін" жергілікті БАҚ-тар жарыса жазып жатыр. "The Guardian" басылымына сілтеме жасай отырып хабарлаған "БАК.КЗ" мәліметіне сүйенсек, мұндай мәлімдемені елдің премьер-министрі Дэвид Кэмерон кеше мәлімдеген.
"Педофилдердің таныстары арқылы жәбірленуші тараптың кешірімін алуына жол бермеу керек. Интернет арқылы жарылғыш заттар жасайтын лаңкестерге қандай жаза қолданылса, педофилдерді де дәл солай жазалау керек. Біз балаларымызды қорғау үшін барлығына дайынбыз" деді ол. Жаңа заң жайында ханшайым Елизавета II-нің өзі қосымша мәлімдейтін болады. Ал, ол өз күшіне келесі жылы енеді деп күтілуде.
E-islam.kz