Мұхан Исахан

Заңгер, шариғат бойынша маман

Өмірбаяны Арнау сөз Мақалалары Сұрақ қою

Өмірбаяны

Мұхан Исахан – заңгер, шариғат бойынша маман, 1978 жылдың 8 қарашасында Оңтүстік Қазақстан облысынының Ордабасы ауданында дүниеге келген. 2000 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультетін тәмамдады. 2002 жылы осы университеттің магистратурасын, ал 2006 жылы аспирантурасын табысты аяқтап шықты. Қазіргі таңда «Нұр» Қазақ-Египет ислам университетінде «Дінтану» мамандығы бойынша докторантурада оқып жатыр. Бірнеше жылдар бойы ғылыми қызметкерлікпен, аудармашылықпен, «Қазақстан-Заман» газетінің дін істері бөлімін басқарумен айналысқан. 30 шақты ғылыми, 60 шақты публицистикалық мақалалардың және «Ислам және калам мазхабтары» атты монографиялық еңбектің авторы. 15 жылдан астам уақыттан бері «Мемлекет пен діннің қарым-қатынасын құқықтық реттеу» атты тақырып бойынша зерттеулер жүргізіп келеді. М.Исахан «ҚР діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң жобасына ондаған ұсыныстарын енгізген. «Саяси мазхабтардың тарихы» атты монографиялық еңбегі баспадан шығаруға дайындалуда.

Арнау сөзі

Ассаламу алейкум құрметті оқырмандар!

Мен – Мұхан Исахан, теолог, «Нұр» Қазақ-Египет ислам университетінің докторантымын. Сарапшы ретінде келесі тақырыптарға қатысты сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын: Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.) өмірі мен қызметі, Исламдағы мазхабтардың шығу тарихы, сопылық және тариқаттар, Исламдағы діни мерекелер, ҚР заңнамаларына сәйкес азаматтардың діни құқығы.

Еңбектері

  • Кітап №1
  • Кітап №2
  • Кітап №3

Мақалалары

  • Мәуліт мерекесі – Мұхаммед (с.ғ.с.) мерейі 
  • Садақа беру – сауабы мол игі іс! 
  • Зекет бермеу – дінге опасыздық жасағанмен тең 
  • Тарихи оқиғалар желісі бойынша имам Матуридидің сенім ілімі 
  • Ақтау қаласында «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу мәселелеріндегі БАҚ рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті 
  • Айтайық, жарапазан... 
  • Тарауих намазының шариғаттағы дәлелі һәм рухани мән-мазмұны 
  • Исламның қазақ даласына таралуы 
  • Миғраж – ұлы жеңістердің хабаршысы 
  • Өзін-өзі жарған шаһид пе? 
  • Оразаны қанша күн тұтамыз? 
  • Сириядағы қанды қақтығыс «сунниттік-шииттік майдан» ба? 
  • Діни білім берудің заманауи тетіктерін игеру жайында 
  • Оразаның уақыты неге ауыспалы болып келеді? 
  • Қасиетті Қадір түні 
  • Көркем мінезді болудағы сабырдың орны 
  • Рамазан - Сабыр мектебі 
  • «Шахид болу» идеологиясының қателігі 
  • Ораза - мәңгілік бақытқа қол жеткізер құндылық 
  • Хақ үкімдері қатып-семіп қалған догма емес 
  • Уаһабшылдар қозғалысының ұлт жаназасын шығарудан басқа мақсаты жоқ 
  • Ислам үрейлендіруге қарсы 
  • "Қадір" сөзінің мағынасы 
  • Жұмаққа жолдама әперер иллаһи мүмкіндік 
  • Қасиетті кештегі айтылар дұға-тілек 
  • Қадір түнін күндізден күту керек 
  • Ораза - мәңгілік бақытқа қол жеткізер құндылық

Адасқан сопылық тариқаттар қайдан пайда болған?

Дүйсенбі, 26.09.2021

Ислам діні VIII ғасырда әлемнің үш континетіне таралып үлгерді. Көптеген халықтар Хақ дінді қабылдап, мұсылман үмбетіне айналды. Десе де, Хақ дін қадам басқан кейбір өлкелерде исламға дейінгі діндер мен мәдениеттер және философиялық мектептердің қоғамдағы ықпалы өте жоғары еді. Поликонфессиялық мұндай қоғамда ислам діні бір келкі дами алған жоқ. Тіпті, ескі діни, мәдени, философиялық доминанттар исламды жартылай қабылдаған дүбара діни топтардың пайда болуына өз әсерін тигізді. Ислам тарихында аталмыш құбылыстар тек тасауфта емес, кәлам мен фиқһ саласында да орын алғандығы белгілі.

Адасқан тариқаттар туралы алғашқы там-тұм деректерді Абул-Хусейн Мухаммед ал-Малатидың «ат-Танбих уар-Рад», Абу Наср ас-Сарраж ат-Тусидің «Ал-Лума» атты еңбектерінде көрініс тапқан. Батыл (бұзылған) тариқаттар туралы көлемді мәліметтер Нажмаддин Омар ан-Насафидің (1142ж.ө.) «Китаб фи Мазаһибил Мутасауф» атты шығармасында баяндалған.

Ан-Насафи аталмыш шығармасында «сунни» тариқаттарын ғана әһлу сунна қалыбынан ауытқымаған деп көрсетіп, одан кейін адасқан деп саналатын мынадай тариқаттардың бар екенін алға тартады:  

  1. Сунни – әһлу сунна жолындағы тариқаттар. Олар Құран қағидалары мен Мұхаммедтің (с.а.у) сүннетін берік ұстанумен ерекшеленеді.
  2. Хулули – сакр (рухани елту, мас болу) халінде құшақтасып, би билеуді харам емес деп біледі. Сондай-ақ, әрбір көркем келбетте Алланың шағылысы бар деп, әйел мен еркектердің бір-біріне көз салуына рұқсат етеді.
  3. Хали – сама мен ракс (өлең айтып, би билеп зікір ритуалын орындау) шариғат үкімдерімен өлшенбейді деген қате пікірді ұстанады.
  4. Әулайи – әулиелік дәрежеге көтерілген мұсылмандарға шариғат үкімдерінің қатысы жоқ деген негізсіз көзқарасты ұстанады.
  5. Сумраһи – құлшылық жасап, абд (ғибадат жасаушы) мақамына көтерілген соң намаз оқу, ораза тұту секілді шариғат үкімдері мойыннан түседі және әйелдерді нәпсісі үшін пайдалану күнә болмайды деген теріс ұстанымы бар.
  6. Хубби – Алланың сүйіспеншілігіне бөленген мұсылман үшін шариғат харам деп кескен үкім адал болып саналады деп дін негіздеріне қайшы көзқарасты ұстанады.
  7. Хури – сакр (рухани мас болу) халінде жаннатан түскен қор қыздарымен бірге болатынына иланады. Осы себептен де олар сакр хәліне түскен адамды бой дәрет алу керек деп біледі.  
  8. Ибахи – күнәдан тыйылуға күшіміз жетпейді деп мұсылмандардың мал-жанына көз тігіп, не қаласаң соны істе деген теріс пәтуаны басшылыққа алады.  
  9. Мутакасили – күн-көріс қамын тәрк етіп, қайыршылықпен күн көруді насиқаттайды.

10. «Мутажаһили – рия (көз бояушылық) жасаудан арылуды үгіттеп, егер жасандылықты жеңе алмаса, пасықтар (екі жүзді) секілді жүріп тұруға болады деген көзқарасты ұстанады.

  1. 11.  Уакифи – адам Алланы тануға дәрменсіз деп, дін жолында ізденушілікті жоққа шығарады.
  2. 12.  Илхами – Құранды жоққа шығарып, ақиқатты философтардың ой-пікірінен, ақындардың өлеңдерінен іздеп табуға болады деп біледі.

Тарихта ан-Насафидің шығармасында айтылмаған нурбахш, каландар, хуруфи және т.б. көптеген ақида мен фиқһта қате көзқарастары бар адасқан тариқаттар өмір сүрген. Тіпті, олардың кейбірі әлі күнге дейін тасауфтың атын жамылып, ислам дініне, сопылық ілімге һәм мұсылман үмбетіне сөз келтіруде. Әсіресе, бүгінгі күні саяси көзқарастары басым бұзылған тариқаттар мұсылман қоғамының тұтастығына сына қағуда. 

Оқылды 5337 рет
Жауап берген:

Сарапшылар

Айнұр Әбдірәсілқызы

Толық ақпарат Сұрақ қою

Балғабек Мырзаев

Толық ақпарат Сұрақ қою

Алау Әділбаев

Толық ақпарат Сұрақ қою

Ершат Оңғаров

Толық ақпарат Сұрақ қою

JoomShaper
Top