Мұхан Исахан

Заңгер, шариғат бойынша маман

Өмірбаяны Арнау сөз Мақалалары Сұрақ қою

Өмірбаяны

Мұхан Исахан – заңгер, шариғат бойынша маман, 1978 жылдың 8 қарашасында Оңтүстік Қазақстан облысынының Ордабасы ауданында дүниеге келген. 2000 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультетін тәмамдады. 2002 жылы осы университеттің магистратурасын, ал 2006 жылы аспирантурасын табысты аяқтап шықты. Қазіргі таңда «Нұр» Қазақ-Египет ислам университетінде «Дінтану» мамандығы бойынша докторантурада оқып жатыр. Бірнеше жылдар бойы ғылыми қызметкерлікпен, аудармашылықпен, «Қазақстан-Заман» газетінің дін істері бөлімін басқарумен айналысқан. 30 шақты ғылыми, 60 шақты публицистикалық мақалалардың және «Ислам және калам мазхабтары» атты монографиялық еңбектің авторы. 15 жылдан астам уақыттан бері «Мемлекет пен діннің қарым-қатынасын құқықтық реттеу» атты тақырып бойынша зерттеулер жүргізіп келеді. М.Исахан «ҚР діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң жобасына ондаған ұсыныстарын енгізген. «Саяси мазхабтардың тарихы» атты монографиялық еңбегі баспадан шығаруға дайындалуда.

Арнау сөзі

Ассаламу алейкум құрметті оқырмандар!

Мен – Мұхан Исахан, теолог, «Нұр» Қазақ-Египет ислам университетінің докторантымын. Сарапшы ретінде келесі тақырыптарға қатысты сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын: Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.) өмірі мен қызметі, Исламдағы мазхабтардың шығу тарихы, сопылық және тариқаттар, Исламдағы діни мерекелер, ҚР заңнамаларына сәйкес азаматтардың діни құқығы.

Еңбектері

  • Кітап №1
  • Кітап №2
  • Кітап №3

Мақалалары

  • Мәуліт мерекесі – Мұхаммед (с.ғ.с.) мерейі 
  • Садақа беру – сауабы мол игі іс! 
  • Зекет бермеу – дінге опасыздық жасағанмен тең 
  • Тарихи оқиғалар желісі бойынша имам Матуридидің сенім ілімі 
  • Ақтау қаласында «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу мәселелеріндегі БАҚ рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті 
  • Айтайық, жарапазан... 
  • Тарауих намазының шариғаттағы дәлелі һәм рухани мән-мазмұны 
  • Исламның қазақ даласына таралуы 
  • Миғраж – ұлы жеңістердің хабаршысы 
  • Өзін-өзі жарған шаһид пе? 
  • Оразаны қанша күн тұтамыз? 
  • Сириядағы қанды қақтығыс «сунниттік-шииттік майдан» ба? 
  • Діни білім берудің заманауи тетіктерін игеру жайында 
  • Оразаның уақыты неге ауыспалы болып келеді? 
  • Қасиетті Қадір түні 
  • Көркем мінезді болудағы сабырдың орны 
  • Рамазан - Сабыр мектебі 
  • «Шахид болу» идеологиясының қателігі 
  • Ораза - мәңгілік бақытқа қол жеткізер құндылық 
  • Хақ үкімдері қатып-семіп қалған догма емес 
  • Уаһабшылдар қозғалысының ұлт жаназасын шығарудан басқа мақсаты жоқ 
  • Ислам үрейлендіруге қарсы 
  • "Қадір" сөзінің мағынасы 
  • Жұмаққа жолдама әперер иллаһи мүмкіндік 
  • Қасиетті кештегі айтылар дұға-тілек 
  • Қадір түнін күндізден күту керек 
  • Ораза - мәңгілік бақытқа қол жеткізер құндылық

Дінді ұстанушы азаматтар әскери борышты өтеуге міндетті ме?

Сейсенбі, 06.09.2021

Қазақстан Республикасында дінді ұстанушы азаматтар әскери борышты өтеуге міндетті ме? Және әскери міндетін өтеуші азамат діни салт-жораларды емін-еркін орындай ала ма?

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы қабылдаған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының 3-бабының 7-тармақшасында қарастырылғандай ешкімнің өз діни сенімі бойынша Конституциясы мен заңдарда көзделген міндеттерді атқарудан бас тартуға құқығы жоқ. Жалпы, Отан алдындағы міндеттерге саяси партиялар мен діни бірлестіктер тұрғысынан баға беруге болмайды. Отан - барша азаматтарға пана болған алтын ұя. Отан ­– барша азаматтар үшін ортақ ең қадірлі құндылық. Осы себептен де Отанды қорғау ісінде саяси көзқарас пен діни сенімге байланысты жеңілдік қарастырылмайды.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша әскери жүйедегі азаматтардың діни-сенім бостандығы төмендегідей қарастырылған:

Әскери қызметкер өзінің әскери қызметін өтеу барысында жалпы азаматтарға тән кейбір құқықтардан шектеледі. Бұл жөнінде ҚР «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 8-бабында: «өкілетті органдардың депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, саяси партияларға, кәсіптік одақтарға, діни бірлестіктерге мүшесі болуға, қандай да бір саяси партияға қолдау білдіруге болмайды» деп көрсетілген. Яғни, күштік құрылымдарда жұмыс істейтін әскери қызметкер діни бірлестіктерге мүше бола алмайды.

Дегенмен, ҚР «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 36-бабына сәйкес тіркелген діни бірлестіктердің дін қызметкерлері бейбіт уақытта әскери қызметке шақырылудан босатылады. Тек мемлекетке қажетті жағдайда ғана дін қызметкерлері әскер қатарына шақырылуы мүмкін.

Ал, әскери қызметкердің діни салт-жораларды орындау мәселесіне келер болсақ, Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының 7-бабының 3-тармақшасы бойынша Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың, сот және құқық қорғау органдарының, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен, жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғаумен байланысты басқа да қызметтердің Құдайға құлшылық етуді, діни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізуге (жасауға), сондай-ақ миссионерлік қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді.

Тегінде, бұл құқықтық нор- малар азаматтардың діни бостандығын шектеуді көздемейді. Әрбір мемлекеттік органның міндетті атқаратын өз функциясы бар. Діни рәсімдер осы мемлекеттің міндетті қызметтердің жүзеге асуына кедергі келтірмеуі тиіс. Аталған құқықтық нормалар осы тұрғыда бекітілген болатын. Десе де, әскери құрылымдарда қызмет ететін азаматтар Қарулы Күштерге тиесілі ғимарат немесе алаңда діни салт-жораларды орындай алмағанмен, одан тыс аумақтарда (үйінде, ғибадатханаларда) діни ритуалдар мен құлшылық жасауға құқылы.

Жалпы, Отан алдындағы әскери міндетті өтеуге ислам діні тұрғысынан қарайтын болсақ, Хақ дініміз Отанды, туған жерді, халықты, мал-мүлікті қорғауды қасиетті борыш деп санайды. Аллай Елшісі (с.а.у) хадисінде: «Екі түрлі көз ақыретте тозаққа күймейді: біріншісі – күнәсына өкініш білдіріп, оңашада егіліп жылаған көз, екіншісі – Отанды қорғап шекара күзеткен көз», – дейді. Яғни, ислам тек құлшылықтарға жегетін дін емес, ол Отанды қорғап, елді сүюге, адамзатқа адал болуға, қоғамға пайдалы іс жасауға шақырады.

 

Оқылды 855 рет
Жауап берген:

Сарапшылар

Айнұр Әбдірәсілқызы

Толық ақпарат Сұрақ қою

Балғабек Мырзаев

Толық ақпарат Сұрақ қою

Алау Әділбаев

Толық ақпарат Сұрақ қою

Ершат Оңғаров

Толық ақпарат Сұрақ қою

JoomShaper
Top