Мұхан Исахан

Заңгер, шариғат бойынша маман

Өмірбаяны Арнау сөз Мақалалары Сұрақ қою

Өмірбаяны

Мұхан Исахан – заңгер, шариғат бойынша маман, 1978 жылдың 8 қарашасында Оңтүстік Қазақстан облысынының Ордабасы ауданында дүниеге келген. 2000 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультетін тәмамдады. 2002 жылы осы университеттің магистратурасын, ал 2006 жылы аспирантурасын табысты аяқтап шықты. Қазіргі таңда «Нұр» Қазақ-Египет ислам университетінде «Дінтану» мамандығы бойынша докторантурада оқып жатыр. Бірнеше жылдар бойы ғылыми қызметкерлікпен, аудармашылықпен, «Қазақстан-Заман» газетінің дін істері бөлімін басқарумен айналысқан. 30 шақты ғылыми, 60 шақты публицистикалық мақалалардың және «Ислам және калам мазхабтары» атты монографиялық еңбектің авторы. 15 жылдан астам уақыттан бері «Мемлекет пен діннің қарым-қатынасын құқықтық реттеу» атты тақырып бойынша зерттеулер жүргізіп келеді. М.Исахан «ҚР діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң жобасына ондаған ұсыныстарын енгізген. «Саяси мазхабтардың тарихы» атты монографиялық еңбегі баспадан шығаруға дайындалуда.

Арнау сөзі

Ассаламу алейкум құрметті оқырмандар!

Мен – Мұхан Исахан, теолог, «Нұр» Қазақ-Египет ислам университетінің докторантымын. Сарапшы ретінде келесі тақырыптарға қатысты сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын: Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.) өмірі мен қызметі, Исламдағы мазхабтардың шығу тарихы, сопылық және тариқаттар, Исламдағы діни мерекелер, ҚР заңнамаларына сәйкес азаматтардың діни құқығы.

Еңбектері

  • Кітап №1
  • Кітап №2
  • Кітап №3

Мақалалары

  • Мәуліт мерекесі – Мұхаммед (с.ғ.с.) мерейі 
  • Садақа беру – сауабы мол игі іс! 
  • Зекет бермеу – дінге опасыздық жасағанмен тең 
  • Тарихи оқиғалар желісі бойынша имам Матуридидің сенім ілімі 
  • Ақтау қаласында «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу мәселелеріндегі БАҚ рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті 
  • Айтайық, жарапазан... 
  • Тарауих намазының шариғаттағы дәлелі һәм рухани мән-мазмұны 
  • Исламның қазақ даласына таралуы 
  • Миғраж – ұлы жеңістердің хабаршысы 
  • Өзін-өзі жарған шаһид пе? 
  • Оразаны қанша күн тұтамыз? 
  • Сириядағы қанды қақтығыс «сунниттік-шииттік майдан» ба? 
  • Діни білім берудің заманауи тетіктерін игеру жайында 
  • Оразаның уақыты неге ауыспалы болып келеді? 
  • Қасиетті Қадір түні 
  • Көркем мінезді болудағы сабырдың орны 
  • Рамазан - Сабыр мектебі 
  • «Шахид болу» идеологиясының қателігі 
  • Ораза - мәңгілік бақытқа қол жеткізер құндылық 
  • Хақ үкімдері қатып-семіп қалған догма емес 
  • Уаһабшылдар қозғалысының ұлт жаназасын шығарудан басқа мақсаты жоқ 
  • Ислам үрейлендіруге қарсы 
  • "Қадір" сөзінің мағынасы 
  • Жұмаққа жолдама әперер иллаһи мүмкіндік 
  • Қасиетті кештегі айтылар дұға-тілек 
  • Қадір түнін күндізден күту керек 
  • Ораза - мәңгілік бақытқа қол жеткізер құндылық

Ханафи мәзһабы қазақ халқына исламды қабылдауға әсер етті ме?

Бейсенбі, 30.06.2021

Қазақ халқының Ислам дінін қабылдауына әсер еткен бірден-бір фактор – Ханафи мәзһабының доктринасы мен канондық негіздері» - деген тұжырымды көбірек айтып жүрсіз. Осыған нақты қандай дәлелдеріңіз бар?

Әбу Ханифа Нұғман ибн Сәбит (80 150\699-767) -  көрнекті Ислам ғалымы, атақты сунниттік Ханафи мәзһабының негізін салушы. Орталық Азия және Дешті-Қыпшақ мұсылмандары ежелден осы Ханафия мәзһабын ұстанып келеді. Тарихи деректерді саралайтын болсақ, орта ғасырлардағы түрлі саяси оқиғаларға байланысты Ислам дінінің атын жамылған мутазалия, кайсания-мубайдия, карматия, исмайлия, шафия секілді ағымдардың Орталық Азияда төбе көрсетіп отырғаны байқалады. Алайда, Орталық Азия мен Дешті-Қыпшақты мекен еткен түркі халықтары Ислам атын жамылған түрлі бағыттардың бәрін тәрк етіп, Ханафи мәзһабына таңдау жасады. Өйткені, оның өзіндік тарихи һәм ділдік себептері бар. Әлбетте, тарихи себеп ретінде Имам Ағзамның бел шәкірті Мұхаммед Шайбанидің Орталық Азияға тақау Хорасанда қазылық қызмет жасап, шәкірт тәрбиелеп, осы өңірде Ханафия мәзһабының қанат жаюына еңбек сіңіргенін негізге аламыз.

Ал, ділдік тұрғыдан алғанда Ханафи мәзһабының құндылықтары түркі халқының дүниетанымымен, ойлау жүйесімен, өмір сүру салтымен терең үндестік табатынын негізге алуға болады. Әсілі, Ханафи мәзһабында догматика мен буквализмнен көрі қажет кезде ақыл мен қисынды қолдана отырып құқықтық үкім беруге басымдық берілген. Бұл әдісті Ханафия мәзһабында қияс және истихсан деп атайды. Сондай-ақ, Ханафия мәзһабы әрбір ұлттың өзіндік ерекшелігінің сақталуына барынша мүмкіндік береді. Айталық, Ханафи мәзһабында ұлттардың дін негіздеріне қайшы емес әдет-ғұрпының сақталуына жағдай жасалған. Мысалы, Ханафи мәзһабында әдет-ғұрыптар «сахих» және «фасид» болып екіге бөлінеді. «Сахих» әдет-ғұрыпта Құран мен Сүннетке қарама-қайшылық болмайды. Ал, «фасид» әдет-ғұрыптың дініміздің негіздеріне қайшы тұстары болады. Шынтуайтында, Қазақ халқы мың жылдан астам уақыттан бері Ислам дінін ұстанып келеді. Яғни, Ислам дінін сан ғасырдан бері ұстанып келе жатқандықтан, ескі әдет-ғұрыптарымыз шариғат сүзгісінен өтіп, дін негіздеріне қайшы емес салт-дәстүрлеріміз ғана сақталып қалды. Осы тұста ерекше айта кетітін жәйт – Қазақтың әдет-ғұрып заңын зерттеуде әріптестеріміз (құқықтанушылар) билердің шешендік һәм тапқырлықпен үкім беруін англо-саксондық құқықтық жүйедегі сот прецедентімен байланыстырып жүр. Бұл түбірімен қате тұжырым. Себебі, біздің билердің кесім айту әдіснамасы англо-саксондық жүйедегі сот прецедентіне ұқсағанымен, екі құқықтық жүйенің арасында ешқандай тарихи байланыс болған емес. Тегінде, билердің шешендік һәм тапқырлықпен үкім айтуы – Ханафи мәзһабындағы «хила, яғни, шариғат құптаған айла әдісіне негізделген. Кеңес дәуірінде Исламды құндылық ретінде мойындауға шектеу қойылғандықтан, зерттеушілеріміз әдет-ғұрып құқығының түп-негізін басқа қайнар-көздерден іздеуге мәжбүр болды. Ал, шындап келетін болсақ, билердің даналықпен үкім беруіне – Ханафи құқығындағы хила әдісі әсер еткен. Біз бұл пікірімізге жүздеген бұлтартпас дәлелдер келтіре аламыз. Демек, би-қазыларымыздың хила әдісіне жүгінген болса, онда біз дәстүрлі әдет-ғұрып құқығымызды Ханафи мәзһабының ажырамас бөлшегі ретінде қарастыруға тиістіміз. Яғни, Ханафи мәзһабы – Қазақ  халқының табиғи бітім-болмысының сақталуына және көшпелілердегі қоғамдық қатынастың оң реттелуіне мол мүмкіндік бергендіктен де бабаларымыз бұл мектептің канондық негіздерін өмір сүрудің үлгісі ретінде таңдаған.        

 

 

Оқылды 923 рет
Жауап берген:

Сарапшылар

Айнұр Әбдірәсілқызы

Толық ақпарат Сұрақ қою

Балғабек Мырзаев

Толық ақпарат Сұрақ қою

Алау Әділбаев

Толық ақпарат Сұрақ қою

Ершат Оңғаров

Толық ақпарат Сұрақ қою

JoomShaper
Top