Мұхан Исахан

Заңгер, шариғат бойынша маман

Өмірбаяны Арнау сөз Мақалалары Сұрақ қою

Өмірбаяны

Мұхан Исахан – заңгер, шариғат бойынша маман, 1978 жылдың 8 қарашасында Оңтүстік Қазақстан облысынының Ордабасы ауданында дүниеге келген. 2000 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультетін тәмамдады. 2002 жылы осы университеттің магистратурасын, ал 2006 жылы аспирантурасын табысты аяқтап шықты. Қазіргі таңда «Нұр» Қазақ-Египет ислам университетінде «Дінтану» мамандығы бойынша докторантурада оқып жатыр. Бірнеше жылдар бойы ғылыми қызметкерлікпен, аудармашылықпен, «Қазақстан-Заман» газетінің дін істері бөлімін басқарумен айналысқан. 30 шақты ғылыми, 60 шақты публицистикалық мақалалардың және «Ислам және калам мазхабтары» атты монографиялық еңбектің авторы. 15 жылдан астам уақыттан бері «Мемлекет пен діннің қарым-қатынасын құқықтық реттеу» атты тақырып бойынша зерттеулер жүргізіп келеді. М.Исахан «ҚР діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң жобасына ондаған ұсыныстарын енгізген. «Саяси мазхабтардың тарихы» атты монографиялық еңбегі баспадан шығаруға дайындалуда.

Арнау сөзі

Ассаламу алейкум құрметті оқырмандар!

Мен – Мұхан Исахан, теолог, «Нұр» Қазақ-Египет ислам университетінің докторантымын. Сарапшы ретінде келесі тақырыптарға қатысты сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын: Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.) өмірі мен қызметі, Исламдағы мазхабтардың шығу тарихы, сопылық және тариқаттар, Исламдағы діни мерекелер, ҚР заңнамаларына сәйкес азаматтардың діни құқығы.

Еңбектері

  • Кітап №1
  • Кітап №2
  • Кітап №3

Мақалалары

  • Мәуліт мерекесі – Мұхаммед (с.ғ.с.) мерейі 
  • Садақа беру – сауабы мол игі іс! 
  • Зекет бермеу – дінге опасыздық жасағанмен тең 
  • Тарихи оқиғалар желісі бойынша имам Матуридидің сенім ілімі 
  • Ақтау қаласында «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу мәселелеріндегі БАҚ рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті 
  • Айтайық, жарапазан... 
  • Тарауих намазының шариғаттағы дәлелі һәм рухани мән-мазмұны 
  • Исламның қазақ даласына таралуы 
  • Миғраж – ұлы жеңістердің хабаршысы 
  • Өзін-өзі жарған шаһид пе? 
  • Оразаны қанша күн тұтамыз? 
  • Сириядағы қанды қақтығыс «сунниттік-шииттік майдан» ба? 
  • Діни білім берудің заманауи тетіктерін игеру жайында 
  • Оразаның уақыты неге ауыспалы болып келеді? 
  • Қасиетті Қадір түні 
  • Көркем мінезді болудағы сабырдың орны 
  • Рамазан - Сабыр мектебі 
  • «Шахид болу» идеологиясының қателігі 
  • Ораза - мәңгілік бақытқа қол жеткізер құндылық 
  • Хақ үкімдері қатып-семіп қалған догма емес 
  • Уаһабшылдар қозғалысының ұлт жаназасын шығарудан басқа мақсаты жоқ 
  • Ислам үрейлендіруге қарсы 
  • "Қадір" сөзінің мағынасы 
  • Жұмаққа жолдама әперер иллаһи мүмкіндік 
  • Қасиетті кештегі айтылар дұға-тілек 
  • Қадір түнін күндізден күту керек 
  • Ораза - мәңгілік бақытқа қол жеткізер құндылық

Патшалық Ресейге отар болған жылдардағы Ханафи мәзһабының жай-күйін айтып өтсеңіз?

Бейсенбі, 30.06.2021

Патшалық Ресейге Қазақ жері отар болған шақта, халқымыздың руханиятында елеулі өзгерістер орын алды. Атап айтар болсақ, бұрын қазаққа Бұхара мен Самархан медреселерінде оқыған қожа, ахуан, молдалар дін үйретсе, Ресейге бодан болғаннан кейін отарлауды құптаған арнайы дайындалған татар молдалары Қазақ даласында дін тарата бастады.

1789 жылы Патшалық Ресейдің арнайы қаржы бөліп Орынбор мүфтилігін құруы отарлық саясаттың бір жоспары еді. Патша үкіметі қазақ жері арқылы Ислам әлеміне аяқ басқалы тұрғанын, егер дінге қарсы саясат жүргізетін болса, үлкен тосқауылға тап болатынын анық түсінді. Сондықтан дінге қарсы соғыс ашпайтындығын, керісінше Ислам дінін қолдайтындығын білдіруге ұмтылды. Мысалы, Орынбор мүфтилігі жұмысының бір мысалы, оның патшалық Ресей мен Сырым Датұлы бастаған көтерілісшілер арасында араағайын ролін атқарғаны. Кезінде Кіші жүздегі Билер кеңесінің бір мүшесі де осы Орынбор мүфтилігінің өкілі болатын. Орынбор мүфтилігі немесе Уфадағы Ғалия медресесі арқылы қазақ жеріне келген татар молдалар қазақтардың санасына «ақ патша» немесе «патша ағзам» деген ұғымды енгізді. Шындығында, шариғатқа сәйкес басқа діндегі адамнан патша сайлауға, ұлық көтеруге жол жоқ. Ал, бұрын Қазақ жеріне келген молдалар Бұқар мен Самарқандағы діни орталықтардан білім алатын. Олар басқа діндегі билеушілерге қарсы ғазауат ұранын дәріптейтін. Сондықтан олардың үгіт-уағызы патшалық Ресей саясатына қайшы болғанын, оларды орыс билеушісін қолдайтын молдалармен ауыстыруға тырысқаны түсінікті. Ал, 1867 жылғы әкімшілік реформа бойынша әрбір округта Қазан мен Уфада, Орынборда дайындалған указной молдалар жұмыс істейтін бекітілді. Яғни, бұл екі діни-саяси мектептің өкілдері заты мұсылман болғанымен, Қазақ жерінде бір-бірімен күреске түсті. Мысалы, Бұқардан оқып келген Науан хазірет өмір бойы халықты патшалық Ресейге қарсы күреске үндеп өтті. Сыр өңірінде Марал ишан да орыс патшасына қарсы болып өтті. 

Қазақ даласында дін үйретуге қатысты осындай қарама-қайшылық бола-тұра, Бұхара мектебі және Қазан немесе Ғалия медреселерінің канондық һәм доктриналдық ұстанымында керағарлық болған емес. Себебі, татар молдалары да Ханафи мәзһабы және Матуриди сенімдік мектебін ұстанатын. Мысалы, Семейдегі Ахмет Риза татар медресесінде білім алған Хакім Абай:

                Халиқ қылған, мекен берген Ол (Алла) лә мәкән*.

                Түп иесін көксемей бола ма екен,

                Және оған қайтпақсың Оны ойламай,

                Басқа ақыл көңілге тола ма екен.

-         деп Матуриди сенімінде екенін паш етсе, Бұхарада білім алған Мәшһүр Жүсіп:

-                 Ол Алла жисм * жауһар* ғариз* емес,

                  Боларға басқа-басқа бөлектенбес.

                  Алланы еш нәрсеге ұқсатуға

                  Еш нәрсе Оған ұқсап, жөні келмес. 

                  Бар Құдай көкте де емес, жерде де емес,

                  Мекенін бір Алланың ешкім білмес.

                  Иаусыма аусы – төрт жақтан пәк дүр Алла,

                  Муминнің Алла деген көңілінде емес.

-         деп жырымен Матурди сенімін негіздерін насихаттайды.

Қазақтың діни ойшылдары Абай, Ыбырай, Шәкәрім, Шәңгерей Бөкеев пен Шәді төренің, Марал ишан мен Науан қазіреттің, Ғұмар Қараш пен Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің көзқарастарына саралайтын болсақ, барша қазақатың иір бұтақты ірі тұлғаларының Ханафи мәзһабын ұстанғаны айқын аңғарылады. 

Оқылды 2707 рет
Жауап берген:

Сарапшылар

Айнұр Әбдірәсілқызы

Толық ақпарат Сұрақ қою

Балғабек Мырзаев

Толық ақпарат Сұрақ қою

Алау Әділбаев

Толық ақпарат Сұрақ қою

Ершат Оңғаров

Толық ақпарат Сұрақ қою

JoomShaper
Top