Мұхан Исахан

Заңгер, шариғат бойынша маман

Өмірбаяны Арнау сөз Мақалалары Сұрақ қою

Өмірбаяны

Мұхан Исахан – заңгер, шариғат бойынша маман, 1978 жылдың 8 қарашасында Оңтүстік Қазақстан облысынының Ордабасы ауданында дүниеге келген. 2000 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультетін тәмамдады. 2002 жылы осы университеттің магистратурасын, ал 2006 жылы аспирантурасын табысты аяқтап шықты. Қазіргі таңда «Нұр» Қазақ-Египет ислам университетінде «Дінтану» мамандығы бойынша докторантурада оқып жатыр. Бірнеше жылдар бойы ғылыми қызметкерлікпен, аудармашылықпен, «Қазақстан-Заман» газетінің дін істері бөлімін басқарумен айналысқан. 30 шақты ғылыми, 60 шақты публицистикалық мақалалардың және «Ислам және калам мазхабтары» атты монографиялық еңбектің авторы. 15 жылдан астам уақыттан бері «Мемлекет пен діннің қарым-қатынасын құқықтық реттеу» атты тақырып бойынша зерттеулер жүргізіп келеді. М.Исахан «ҚР діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң жобасына ондаған ұсыныстарын енгізген. «Саяси мазхабтардың тарихы» атты монографиялық еңбегі баспадан шығаруға дайындалуда.

Арнау сөзі

Ассаламу алейкум құрметті оқырмандар!

Мен – Мұхан Исахан, теолог, «Нұр» Қазақ-Египет ислам университетінің докторантымын. Сарапшы ретінде келесі тақырыптарға қатысты сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын: Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.) өмірі мен қызметі, Исламдағы мазхабтардың шығу тарихы, сопылық және тариқаттар, Исламдағы діни мерекелер, ҚР заңнамаларына сәйкес азаматтардың діни құқығы.

Еңбектері

  • Кітап №1
  • Кітап №2
  • Кітап №3

Мақалалары

  • Мәуліт мерекесі – Мұхаммед (с.ғ.с.) мерейі 
  • Садақа беру – сауабы мол игі іс! 
  • Зекет бермеу – дінге опасыздық жасағанмен тең 
  • Тарихи оқиғалар желісі бойынша имам Матуридидің сенім ілімі 
  • Ақтау қаласында «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу мәселелеріндегі БАҚ рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті 
  • Айтайық, жарапазан... 
  • Тарауих намазының шариғаттағы дәлелі һәм рухани мән-мазмұны 
  • Исламның қазақ даласына таралуы 
  • Миғраж – ұлы жеңістердің хабаршысы 
  • Өзін-өзі жарған шаһид пе? 
  • Оразаны қанша күн тұтамыз? 
  • Сириядағы қанды қақтығыс «сунниттік-шииттік майдан» ба? 
  • Діни білім берудің заманауи тетіктерін игеру жайында 
  • Оразаның уақыты неге ауыспалы болып келеді? 
  • Қасиетті Қадір түні 
  • Көркем мінезді болудағы сабырдың орны 
  • Рамазан - Сабыр мектебі 
  • «Шахид болу» идеологиясының қателігі 
  • Ораза - мәңгілік бақытқа қол жеткізер құндылық 
  • Хақ үкімдері қатып-семіп қалған догма емес 
  • Уаһабшылдар қозғалысының ұлт жаназасын шығарудан басқа мақсаты жоқ 
  • Ислам үрейлендіруге қарсы 
  • "Қадір" сөзінің мағынасы 
  • Жұмаққа жолдама әперер иллаһи мүмкіндік 
  • Қасиетті кештегі айтылар дұға-тілек 
  • Қадір түнін күндізден күту керек 
  • Ораза - мәңгілік бақытқа қол жеткізер құндылық

Мұсылмандар нақты қай жылдан бастап ораза ұстауды қолға алды?

Бейсенбі, 30.06.2021

Алла Тағала Құран-Кәрiмде: "Ей, иман еткендер! Ораза тұту сiздерден бұрынғыларға парыз болғаны секiлдi, сiздерге де парыз етiлдi" (Бақара/183) деп бұйырады.

Ораза тұту Исламнан бұрын Яһуди және Христиан дiндерiнде парыз құлшылықтардың бiрi болатын. Бiрақ, Ислам дiнiндегi ораза тұтуда бiршама өзгешелiктер болды. Яһуди және Христиан дiндерi бойынша таң сәресiнде ауыз бекiтiлмейді. Сонымен бiрге, бұл дiндерде жылдың қақаған қысы мен шiлiңгiр ыстығында ораза ұсталатын және ораза ұстаудың мерзiмi мен шарттарында да бiршама ерекшелiктер бар (Имам Ғазали, Мукашафатул Кулуб. 597 б).

Ал, мұсылмандарға Рамазан айында ораза тұту хижраның екiншi жылы (622-623) жоғарыдағы аяттың нәзiл болуымен парыз болып бекiдi. Әсiлi, мұсылмандар Мекке дәуiрiнде де әрбiр айдың белгiлi бiр күндерi ораза ұстайтын. Имам Ахмад ибн Ханбалдың айтуына қарағанда хижрадан кейiн мұсылмандарға намаз оқу мен ораза тұтуда үш өзгерiс болды. Олар:

Намаздағы бiрiншi өзгерiс – Мекке дәуiрiнде мұсылмандар намазды Құдысқа қарап оқитын. Ал, Мәдинаға көшiп келгеннен кейiнгi алғашқы жылы құбыла Меккедегi қасиеттi Қағба болып өзгертiлдi.

Намаздағы екiншi өзгерiс — Мекке дәуiрiнде мұсылмандар намаз қылар шақта бiр-бiрiн дауыстап шақырып жататын. Мәдина дәуiрiнде Абдуллаһ ибн Зайд деген сахаба Пайғамбарымызға (с.а.у) келiп, Намаздан бұрын азан шақыру мен қамад келтiрудi түсiнде жасыл киiмдi адамның келiп үйреткенiн баяндайды. Пайғамбарымыз (с.а.у) бұл түстi қош көрiп, әрбiр намаздың алдында дауыстап азан шақыру мен қамад келтiрудi қабыл алды.

Намаздағы үшiншi өзгерiс — Мекке дәуiрiнде мұсылмандар намаздың тек парызын орындайтын. Ал, Мәдина дәуiрiнде мұсылмандар Пайғамбарымыздың (с.а.у) артық намаз оқитынын аңғарып, Пайғамбарымыздың (с.а.у) сүннет намазын да оқи бастады.

Ораза тұтудағы үш өзгерiске келетiн болсақ:

Бiрiншiден, мұсылмандар ораза тұту туралы жоғарыдағы аят түскенге дейiн де әрбiр айдың үш күнiнде және ашура күндерi ораза ұстайтын. Ал, Мәдина дәуiрiнде тұтас Рамазан айында ауыз бекiту парыз болып бекiдi.

Екiншiден, науқас және сапарда жүргендер мен қарттар, сондай-ақ, омырауында сәбиi бар аналар, өзге ауыз бекiткен мұсылманның ас-ауқатын берген болса, ораза тұтудың орнын толтырған болып есептелдi.

Үшiншiден, мұсылмандарға ауыз ашып болғаннан кейiн жұбайларына жақындауға рұқсат берiлдi (Ибн Кәсир, Тәфсир. I т. 142-143 б).

Осылайша көш реформасының екiншi жылынан (624 ж.) бастап әрбiр жылы Алла ризашылығы үшiн Рамазан айында ауыз бекiту мұсылман қауымға үрдiс болып бекiдi.

Оқылды 546 рет
Жауап берген:

Сарапшылар

Айнұр Әбдірәсілқызы

Толық ақпарат Сұрақ қою

Балғабек Мырзаев

Толық ақпарат Сұрақ қою

Алау Әділбаев

Толық ақпарат Сұрақ қою

Ершат Оңғаров

Толық ақпарат Сұрақ қою

JoomShaper
Top