«Ислам - татулық пен тағаттылықтың, жасампаздық пен жарасымдылықтың діні»

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев

Сәдуақас Ғылмани

1890 - 1972

Сәдуақас  Ғылмани (1890Ақмола  облысы, Ерейментау  маңындағы Малтабар  ауылы — 1972,  Алматы) — ел арасында  Сәкен қалпе  атанған көрнекті  қоғам  және  дін  қайраткері, аудармашы,  хадисші,  ақын. Ерейментаудағы  бірнеше  мешіттің  имамы. 19521972 жж. Қазақстан  қазиятының  қазысы, Орта Азия  және  Қазақстан  діни басқармасының  мүшесі  болған.

Сәдуақастың  өмірбаяндық  жырларынан оның анасынан 11 жасында айырылғаны, алғаш  араб тілін  өз  бабасынан үйренгені, кейін Шарықты жайлауында  Байдүйсен  хазіреттен  сабақ алғаны, 14  жасында «бала» молда  атанып, Тасбақа,  Өмірзақ  ауылдарында  шәкірт оқытқаны  белгілі болды.

15 жасқа жеткенде бұрынғы оқуына көңілі толмай, бір қыс Төре ауылындағы Айтмағамбет молдадан «Бұғар Зада», «Тұхфаны» меңгереді.

1916 жылғы  көтеріліске қатысқанын  «надандық салдарынан» деп түсіндіріп, соған  өлең  жолдарын  арнаған:

Әлекке кездестірді қараңғылық

 Айтқанға тіл алмадық соңына еріп

 «Күлің көкке ұшады» десе дағы

 Жүре бердік «айтақ» деп мазақ қылып.

Ағартушы  өткен ғасырдың 70-жылдары «Құран  туралы жала  мен өтіріктерге қарсы»  атты  кітапты, 110 мыңға  жуық  сөзден  құралған «Арабша-қазақша түсіндірме сөздікті», «Ел аузынан жиған-тергендер» деген еңбектерді жазды. Құран  аятары  мен  хадистердің тәпсірлерін,  мәуліт  өлеңдерін,  діни  сауалдарға  жауаптар  мен  діни  уағыздарды  әзірледі. 14 тараудан тұратын  «Калила мен Димнаны»  қазақшаға  аударды. Қазақстан ғылым  академиясының  тапсырысымен  әл-Фараби  шығармаларын  тікелей араб  тілінен  қазақшаға  аударуға  атсалысты.  Қайтыс  болар  алдындағы өсиетке  қарағанда, ол Ислам діні туралы  42  кітапша жазған.

2006  жылдан  бастап  Л.Н. Гумилев  атындағы  ЕҰУ  «Алаш»  мәдениет және  рухани  даму институты  Сәдуақас Ғылманидің соңында  қалған қомақты  поэзиялық  мұрасын  жинақтап, сараптап,  2010  жылы   «Ел-шежіре»  баспасынан  жеке  кітап  қылып  шығарды.

http://kk.wikipedia.org
18 Қыркүйек 2013
Заманында халық «Сәкен халфе» атаған Сәдуақас Ғылмани 1890 жылы Ақмола облысының Ерейментау ауданындағы Малтабар деген ауылда, ұсақ қолөнершінің отбасында дүниеге келген.
0 пікір 235 рет қаралған
18 Қыркүйек 2013
С.Ғылмани ислам жолындағы ағартушылық қызметі үшін 1929-1946 жылдар аралығында қуғын-сүргінге ұшыраған.
0 пікір 334 рет қаралған
18 Қыркүйек 2013
ХХ ғасырда өмір сүрген ұлт зиялыларының ішінде өзінің бар бітім болмысымен халыққа әлі таныла алмай келе жатқан тұлғалардың бірі – Садуақас қажы Ғылмани.
0 пікір 1162 рет қаралған
21 Тамыз 2013
Сәдуақас Ғылмани (Сәкен халпе) – көрнекті қоғам және дін қайраткері, аудармашы, хадисші, ақын. Сарыарқаның көрікті, шұрайлы Ерейментау өңірінде 1890 жылы өмірге келіп, 1972 жылы бақилыққа өтті.
0 пікір 279 рет қаралған
21 Тамыз 2013
Ғылманиды өзі өмір сүрген кезеңдегі қазақ халқының барлық болмысы мен хал-ахуалы ақынды бей-жай қалдырмады.
0 пікір 225 рет қаралған

Онлайн консультация

Аталған форма көмек орталығының маманымен онлайн сөйлесуге арналған.

Онлайн консультация

Аталған форма көмек орталығының маманымен онлайн сөйлесуге арналған.
Ведите сообщение: