«Ислам - татулық пен тағаттылықтың, жасампаздық пен жарасымдылықтың діні»

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев

Әбу Бәкір Кердері

1861 - 1903

Әбубәкір (Кердері) Боранқұлұлы (1861-1903), ақын. Зираты Жабасай қорымындаКіші жүз  Жетіру тайпасының Кердері руынан шыққандықтан, ел арасында  «Кердері Әбубәкір»  атанған. Бабасы - Таран тұқымынан, өнерпаздар көп шыққан. Өз әкесі Боранқұл  қолөнер  шебері  әрі сауықшы адам болған. Ер шауып, ағаштан туйін түйіп, тыным таппай, шоқандап отыратындықтан, жеңгелері  «Шоқан»  атаған. Ел арасындағы осы лақап атымен бірқатар зерттеушілер Әбубәкірді Шоқанұлы деп келді. Әбубәкір ауыл молдасынан сабақ алып, кейін Орынбор, Троицк қалаларындағы мектеп, медреселерді бітірді. Тұзтөбе, Орал, Ақтөбе, Ор, Орынбор маңындағы елдерде бала оқытты, дін шариғат жолын ұстады. Сауатты, сергек, шешен, ақындық өнерді ардақ тұтатын Әбубәкір біраз жыл ел әкімдерінің қасында жүріп, хатшылық қызметтер атқарды. Сарыарқа, Оңтүстік және Батыс Қазақстан өңіріндегі ақын, жырауларды жақсы білген. Шығармалары 1902, 1905 ж. «Әдебиет қазақия, яки Әбубәкір молланың сөздері»  деген  атпен  екі  дүркін  жарияланған.  Өлең-толғаулары ел арасына кең тараған. Туындылары өлең, толғаулар, хат-өлеңдер, арнаулар, айтыстар, шежіре-жырлар түрінде келеді. Өлең толғауларында заман, адам, дін, өнер, ғылым, әдет-ғурып, имандылық, мінез-дағды туралы тебіренді, дәуір бағдарын байқап, халқымыздың бағзы тұрмыс-тіршілігі мен хал-жағдайын жырлады. Өлең, толғаулары «Үш ғасыр жырлайды» (1965), «Бес ғасыр жырлайды» (1985, 1989) жинақтарында жарияланған. «Қазағым» аталатын жеке жинағы 1993 ж. жарық көрген. Әуезов «Әбубәкір өмірі мен шығармалары» жөнінде зерттеу-мақала жазған. Ол зерттеуі М. Жолдыбайұлымен және Ә. Қоңыратбайұлымен бірігіп жазған «XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу құрамы» деген кітапта жарияланған. 

http://kk.wikipedia.org


Әбубәкір Кердері
22 Тамыз 2013
Кете Жүсіп сияқты шыққан руына қарап Кердері атанып кеткен Әбубәкір он тоғызыншы ғасырдағы кітаби ақындардың бірі. Оның түп тегі Кіші жүздегі Жетіру тайпасының Кердері руынан тарайды.
0 пікір 290 рет қаралған
Өткен еміншілік заманды Әбубәкір молданың жоқтап айтқан толғауы
22 Тамыз 2013
Заманым солай болған соң, Тайғақ болды табаным. Патшадан жәрдем болмаса, Төзуге жоқты амалым.
0 пікір 227 рет қаралған
22 Тамыз 2013
Әбубәкір революцияға дейін екі жинағын шығарса да, өз заманының көрнекті ақындарының бірі бола тұрса да, оның шығармасы соңғы кезге дейін жөнді зерттелмей келді.
0 пікір 246 рет қаралған

Онлайн консультация

Аталған форма көмек орталығының маманымен онлайн сөйлесуге арналған.

Онлайн консультация

Аталған форма көмек орталығының маманымен онлайн сөйлесуге арналған.
Ведите сообщение: