Намаздың дәлелдері

Бейсенбі, 19.09.2021

На­маз­дың па­рыз­ды­ғы Құ­ран, сүн­нет жә­не иж­мағ дә­лел­де­рі­мен анық­тал­ған.

 

Аллаһ­тың бар екен­ді­гі мен да­ра­лы­ғын бі­ліп рас­тау - ең үл­кен па­рыз. Осы­дан кейін­гі па­рыз­дар­дың ең үл­ке­ні жә­не ең ма­ңыз­ды­сы - на­маз. На­маз - жү­рек­тің нұ­ры, рух­тың кү­ші, мұ­сыл­ман­ның ке­ре­ме­ті.

На­маз - сөз­дік­те «дұ­ға ету», «жақ­сы дұ­ға ету» де­ген ма­ғы­на­ны біл­ді­ре­ді. Аллаһ Та­ға­ла Құ­ран­да: «Олар­ға дұ­ға ет. Се­нің дұ­ғаң олар­ға ра­қым­шыл­дық», - дейді [1]. Ша­ри­ғат­та на­маз - тәк­бір­мен бас­та­лып, сә­лем­мен аяқ­та­ла­тын, ерек­ше қимыл-қозғалыстар мен сөз­дер­ден тұ­ра­тын ға­жайып ғи­ба­дат.

На­маз Ис­лам­нан бұ­рын­ғы ила­һи (құ­дай­лық) дін­дер­де де па­рыз-ды. Ха­зі­ре­ті Мұ­хам­мед­ке (с.а.у.) бес уа­қыт на­маз па­рыз етіл­мей тұ­рып, тек қа­на таң мен ақ­шам уақы­тын­да екі рет на­маз оқыл­ған. Кейін Миғ­раж тү­нін­де бес уа­қыт на­маз па­рыз бол­ды. На­маз­дың па­рыз­ды­ғы Құ­ран, сүн­нет жә­не иж­мағ дә­лел­де­рі­мен анық­тал­ған. Құ­ран­ның көп­те­ген же­рін­де «На­маз оқың­дар жә­не зе­кет бе­рің­дер» - деп на­маз­дың өте ма­ңыз­ды па­рыз екен­ді­гін біл­дір­ген. 

Олар­дың кейбі­рі мы­на­лар: «Бар­лық на­маз­дар­ды жә­не ор­та на­маз­ды сақ­таң­дар»[2]. «Ра­сын­да, на­маз бел­гі­лен­ген ар­найы уа­қыт­тар­да па­рыз етіл­ді»[3]. «Алайда, олар бар­лық бұ­рыс дін­дер­ден бойын ау­лақ ұс­тап, шы­найы түр­де Аллаһ­қа құл­шы­лық ету­ден, на­маз­ды тұп-ту­ра оқу­дан жә­не зе­кет бе­ру­ден өз­ге нәр­се­ге әмір етіл­ме­ген бо­ла­тын».[4] «На­маз­ды то­лық оқың­дар...»[5].

Сүн­нет­тен дә­лел­дер: Бұл ту­ра­лы риуаят етіл­ген көп­те­ген ха­дис­тер бар. Бұ­лар­дың кейбіреуі:

«Ибн Омар­дан (р.а.) риуаят етіл­ген бір ха­дис­те Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бы­лай дейді: «Ислам бес нәр­се­ден тұрады: Аллаһ­тан бас­қа құдай жоқ екеніне жә­не Мұхаммед Аллаһтың Елшісі екеніне куәлік ету, намаз оқу, зекет беру, шама­сы келсе қажылыққа бару және Ра­ма­зан оразасын ұстау»[6].

Ха­зі­ре­ті Пай­ғам­бар Муаз ибн Жә­бәл­ді (р.а.) Йе­мен­ге жі­бе­ріп жат­қан­да, оған бы­лай дейді: «Сен әһли кітап са­нал­ған қо­ғам­ға ба­ра жа­тырсың. Олар­ды ал­ды­мен Аллаһ­қа құлшылық етуге ша­қыр, Аллаһ­ты қа­был ет­се, Аллаһ­тың олар­ға бір күнде бес уа­қыт на­маз па­рыз ет­ке­нін айт. На­маз­ды қа­был ет­се, Аллаһ Та­ға­ла­ның олар­дың ау­қат­ты жан­да­ры­на ке­дей­лер­ге бе­ру үшін зе­кет па­рыз ет­ке­нін айт. Қа­был ет­се, олар­дан зекет ал. Бі­рақ адам­дар­дың мал-мүл­кі­нің ең жақ­сы­сын ал­ма, жә­бір көр­геннің қар­ғы­сы­нан сақ­тан. Өйтке­ні, оның дұ­ға­сы мен Аллаһ Та­ға­ла­ның ара­сын­да пер­де жоқ»[7].

Со­ны­мен қа­тар, күл­лі Ис­лам ға­лым­да­рын­да бір күн­де бес уа­қыт на­маз­дың па­рыз­ды­ғы жайлы ауыз­бір­лік бар.

На­маз­дың һиж­рет­тен (көш) бұ­рын Миғ­раж тү­нін­де па­рыз бол­ға­ны жайлы нақ­ты ха­бар­лар бар. Әнас (р.а.) жет­кіз­ген бір ха­дис­те айты­ла­ды: «Миғ­раж тү­нін­де Ха­зі­ре­ті Пай­ғам­бар­ға елу уа­қыт на­маз па­рыз етіл­ген, кейін азай­тып бес­ке тү­сір­ді. Сол кез­де Аллаһ Та­ға­ла бы­лай де­ді: «Ей, Мұ­хам­мед! Ме­нің сө­зім өз­гер­мес. Бес уа­қыт на­маз­да сен үшін елу уа­қыт на­маз­дың сауабы бар»[8].

На­маз ба­ли­ғат жа­сы­на жет­кен, ақы­лы то­лыс­қан әр­бір мұ­сыл­ман­ға па­рыз. Бірақ же­ті жас­қа кел­ген ба­ла­лар­ға на­маз оқу­ды үйре­ту ке­рек. Он жас­қа кел­ген­де на­маз оқы­ма­са, жай-жай ұру­ға бо­ла­ды. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бы­лай дейді: «Ба­ла­лар­ға же­ті жас­қа кел­ген­де на­маз оқы­тың­дар, он жа­сы­на кел­ген­де (на­маз оқы­ма­са жай) ұрың­дар жә­не сол жас­та тө­се­гін бө­лек са­лып бе­рің­дер»[9].

Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) бес уақыт намаз парыз етілмей тұрып, тек қана таң мен ақшам уақытында екі рет намаз оқылған. Кейін Миғраж түнінде бес уақыт намаз парыз болды. Намаздың парыздығы Құран, сүннет және ижмағ дәлелдерімен анықталған. Құранның көптеген жерінде «Намаз оқыңдар және зекет беріңдер» - деп намаздың өте маңызды парыз екендігін білдірген.

Атау (нә­зір), үтір жә­не айт на­маз­да­ры - уә­жіп. Бір бәдәуи (шөл ада­мы) жайлы ха­дис­те на­маз­дың бес уа­қыт еке­ні айты­ла­ды. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.): «Бір күн­нің ішін­де па­рыз етіл­ген на­маз бесеу», - дейді. Бәдәуи сон­да: «Ме­нің бұ­дан бас­қа бо­ры­шым бар ма?», - деп сұ­ра­ған­да, Аллаһ Ел­ші­сі: «Жоқ, егер өз­ді­гің­нен нә­піл на­маз оқы­саң, ол бас­қа», - деп жауап қайта­ра­ды. Сон­да бәдәуи: «Се­ні ақи­қат­пен жі­бер­ген Аллаһ­қа ант ете­мін. Бұ­дан бас­қа не ар­тық, не кем на­маз оқы­май­мын», - де­ді. Сон­да Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бы­лай де­ді: «Сө­зі рас бол­са, ол адам жән­нат­қа ба­ра­ды»[10].

 

[1] Тәубе, 9/103.

[2] Бақара, 2/238.

[3] Ниса, 4/103.

[4] Бәййәна, 98/5.

[5] Хаж, 22/78.

[6] Бухари, Иман, 1,2; Муслим, Иман, 19-22.

[7] Бухари, Зәкәт, 41, 63, Мағази, 60, Тәухид, 1; Нәсаи, Зәкәт; Дарими, Зәкәт, 1.

[8] Тирмизи, Салат, 45; Нәсаи, Салат, 1; Ахмад б. Ханбәл, 3, 161, 4 208-209.

[9] Әбу Дәәуд, Салат, 26; А. Ханбәл, 2, 180-187.

[10] Бухари, Имам, 34; Шаһадат, Имам, 8-10-15-17-18; Әбу Дәәуд, Салат, 1.

 

 

Оқылды 1014 рет
JoomShaper
Top