Абдулла ибн Аббас (р.а.): «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) əйелге ұқсағысы келген еркектерге жəне еркектерге ұқсағысы келген əйелдерге лағынет айт- ты» деген. (Бұһари, Сахих) Алла Тағала Құранда Ібіліс шайтанның былай деп ант ішкендігін ескертеді: «Мен оларға (адамзатқа) Алланың жаратылысын өзгертсін деп, сөзсіз, əмір етемін» (Ниса сүресі, 119-аят). Яғни бұл іс-əрекет – шайтанның азғыруына алданғандардың ісі. Сондықтан, бұндай жағдайда Алла Тағаладан көп-көп дұға тілеп, тəубе жасап, адам баласы ерік-жігерін дұрыс жолда жүруге жұмылдыруы қажет. Оның тысында «Аятул-күрси», «Ықылас», «Фəлақ», «Нас» сүрелері секілді Құран сүрелерін əрдайым оқып тұрған дұрыс. Сонымен қатар, уақыт өткізбей психотерапевтке қаралып, емделген жөн.
Сауалға жауап берген дінтанушы,
Ph.D докторы Алау ƏДІЛБАЕВ