Жастардың діни сауаттылығы және қазіргі қоғам

Сәрсенбі, 10.12.2021

Еліміз егемендігін алып, тәуелсіздігімізді алғаннан бері ұмыт бола бастаған көптеген діни құндылықтарымыз бен тарихи, мәдени құндылықтарымызға қайта қауыштық. Жастардың діни сауаттылығы қазіргі қоғамда күрделі әрі өзекті мәселелердің бірі. Жастардың рухани санасын оятуда діннің алар орыны ерекше. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өзі айтқанындай: «Саясат күнде өзгереді, ал, дін – мәңгілік», – деген. Бұл жерде ұқпағымыз дін ол кеше, яки бүгін пайда бола салған ұғым емес. Ол сонау Пайғамбарлар заманынан келе жатқан сенім жүйесі. Жастардың діни сауаттылығын арттыруда әрине бірінші кезекте ислам дінінен ақпарат беру маңызды. Өйткені қазіргідей қоғамда дінді бұрыс бұрмалаудың нәтижесінде, оның ішкі-мазмұнына үңілместен қаралайтын да жағдайлар  кездеседі. Ислам діні адамзат баласын тазалыққа, ілім-бімге, талапты болуға шақыратын дін. Өйткені, ақырзаман пайғамбары Мұхаммед Мұстафаға (с.ғ.с.) ең соңғы, ең кәміл түрде түсірілген Құран Кәрімнің ең алғашқы әмірі «Оқы!» деп келуі – Ислам дінінің білім-ғылымға қаншалықты көңіл аударғаның о бастан-ақ аңғартты. Ең сүйікті құлына  «Раббым ілімімді арттыр!», – деп дұға үйретуімен қатар, «Білгендер мен білмегендер тең болады ма?», – деп білімнің артықшылығын соқырға таяқ ұстатқаңдай көрсетіп берді. [1.12 б] Ал, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде «Ғұламалар – пайғамбарлардың мұрагерлері. Пайғамбарлар соңынан динар немесе дирхам емес, ілім қалдырады. Кім соған қол жеткізсе, үлкен мәртебеге жеткені», – деуі арқылы сауатты болуға барынша ынталандырып тұрғаның көреміз. [2. 194-б]

Мінекей, жастардың діни сауаттылығын арттыру үшін маңызды қадамдар жасалуы керек. Және ислам дінін бір жақты қарамай, ілімге қаншалықты көңіл бөлумен қатар, сауатты болуға қаншалықты ынталандырады деген мәселені қарастыру да аса маңызды. Өйткені, жастардың арасында діни сауатсыздықтың салдарынан өзге ағымға кетіп жатқандары немесе исламдағы айтылған хадис мәтіндерінің мағынасын тікелей түсіну арқылы, сауатсыздыққа жол ашып жатқанын қазіргі қоғамымызда көрініс тауып отырған жағдайлар куә бола алады. Қазіргі кезде осы келеңсіздіктерді болдырмау үшін елімізде атқарылып жатқан шаралар өте көп. Атап айтсақ, жастардың діни сауатты маман болуына арналған еліміздегі заманауи оқу үрдісіне сай 9 медресе, 1 университет, 1 институт. Сонымен қатар, әр мешіттін жанынан діни сауат ашу курстары да жұмыс істейді. Ал, зайырлы ұстанымымызға сәйкес Білім және ғылым министірлігінің ұсынысымен мектептерге дінтану пәні де енгізілді. Соның салдарынан жастардың діни сауатын арттыру бір жолға қойылды деп селқос қарауға да болмайды. Тағы бір айта кетерлік мәселе, Дін істері агенттігінің тарапынан арнайы баспалардан діни кітаптарға қаржы бөліп, оны шығаруда қолға алынған шаралардың бірі. Мұны айтып отырған себебіміз, қазіргідей жастардың діни кітаптарға деген сұранысын интернет қанағаттандырып отырған секілді. Өйткені, ақпарат дамыған сайын адамның кітап оқуға деген қызығушылығы сәл төмендейді. Бірақ, кітап оқу арқылы да белгілі бір дәрежеде діни сауаттылығымызды арттыруға мол мүмкіндігіміз бар. Себебі, ғаламдық мәдениеттің бір бөлігін кітап құрайды. Кітап оқу-білімге ұмтылысты, дүниетанымды кеңейтуді, адамның өзін тануын білдіреді. Күнделікті өмірде кітап оқыйтын адам мен оқымайтын адаммен айырмашылығын тез байқауға болады. Кітап оқыйтын адам ақыл-парасат, таным, білім, елмен қарым-қатынас, тіл байлығы, сыпайлығы мен мәдениеттілігі секілді бірсыпыра ізгі қасиеттерімен ерекшеленіп тұрады.

Өмірде кітап оқудың адамға берері көп. Шыңдап келгенде, әр кітап бір-бір тәжірибелі ұстазға, ақыл қалтаға ұқсайды. Басқалардың қанша жылғы білген-түйген нәрселерін, ізденісін біз сол адамның жазған кітабын оқу арқылы-ақ үйрене аламыз. Демек, кітап оқу өмірде қателеспеу үшін басқалардың тәжірибесімен танысу дегенді де білдіреді. Кітап – адамға таптырмайтын пайдалы дос. Ол жай уақытта ешкімнің мазасын алмайтын, қажет кезде үнемі қасыңнан табылатын, кез-келеген сәтте кеңес беруге әзір. Ақылына ақы сұрамайтын, жан сарайымызды серпілтіп, дұрыс жолды көрсететін жанашыр, әрі жалықтырмайтын серік десек те болады.

Көп нәрсе білімсіздіктен туатыны даусыз. Ал, білімсіздің өзгелерді кері сүйрегеннен басқа берері болмайды. Өйткені, өзі ұйқыдағы жанның басқаларды оятуы мүмкін емес. Мал екеш малдың өзі кей шөптерді жемейтінің ескерсек, адамға қандай кітап оқу керектігі де ойлануға тұрарлық. Бұл тұрғыда кітап таңдаудың да маңыздылығы зор. [3.108,109 б]

Бұны айтып отырғандағы мәселе, қазіргі қоғамымызда барлық жастарың діни сауаттылығы бірдей деп айта алмаймыз. Өйткені, діни сауатсыз жастардың өзге ағымдарға кетіп қалу қаупі басым.

Бүкіл ғылым атаулы діннен шығады, діннен қуат алады, дін арқылы өсіп-өркеңдеп жетіледі. Ғылымнан үміті бар жандар әрбір нәрсені өз жаратылыс мақсатын байланыстыра зерттеуі тиіс. Жастардың рухани және діни сауатты болуы кезек күттірмес мәселелердің бірі. Қазіргі қоғам жастардың діни сауаттылығының төмен дәрежеде сипатталуымен қатар, атынан да затынан да шатасатын саяси миссионерлік секталарға толы. Бұндай жолдарға, керітартпа ағымдарға кетпеудің ең әуелгі жолы ол – діни сауаттылықты арттыру. Ақиық ақын Мұқағали еліне шын жаны ашыған қайраткер. Ол біздің қазіргі қоғамымызды бір шумақ өлеңге сыйдырып былай деген:

«Қаймағы бұзылмаған қайран дінім,

Қаймағың быт-шыт болды қайдан бүгін», – деп, сан ғасыр бойы қаймағы бұзылмай, момын халқымызбен бірге жасасып келе жатқан асыл дініміздің қанаты қырқылып, мүгедек күйге ұшырағанын айтып күйзеледі. Қазіргі қоғамымызда діни сауатсыздықтың салдары төмендегідей:

Қазақстаңдағы дәстүрлі емес діни ұйымдардың және тоталитарлық секталардың көбеюі мен оның қатарына жастардың жалпы халықтың көптеп тартылуы көпұлтты мемлекетіміздің ұлтаралық татулық пен тұрақтылығына қауіпті фактор. Және ұлтаралық радикализммен шиеленісті тудыратын қосымша күш болып табылады. Бүгінде Қазақстан Бүкіл әлемдік діни-рухани форумның орталығы болып табылады. Ислам діні – ақырғы дін, барлық діндердің керек асылдарын бойына жинаған дін. Сондай-ақ, Адам баласының даму жолындағы рухани, ғылыми, мәдени жетілген кезіне арналған дін.

Ислам дінінде ешқандай кемшілік жоқ. Бар мәселе біздің оны дұрыс түсінбеуімізде. Ислам әлемінің өз кемеліне келмей, көштен кенже қалып, тоқырауы дінге байланысты емес, оның себебі, азған ақыл, зейінсіз жүрек, түйсіксіз түсініктің салдарынан және дін мен түйінді мәселелері көп қазіргі өміріміздің өзара үйлесімін терең түсіне алмауда.[ 4.173 б ]

Қазіргі қоғамда жастардың діни сауаттылығын арттыруда материалдық игіліктермен шектемей, керісінше рухани құндылықтармен де байытып отырғанымыз жөн. Рухани құндылықтарды орыңдауды өзіңе міндет етіп қойған адам, алдымен негізгі құндылықтарды мұқтаждығымен қанағаттандырады. Содан кейін, өзі үшін ең маңызды болып табылатын рухани құндылықтарға бағытталады. Қарапайым шарттардың өзінде негізгі құндылықтарды құндылық ретінде мойындамайтын кездері де болады. Экономикалық ахуалы тұрақты, күнделікті тұрмысқа қатысты қажеттіліктерін жеңіл жолмен қамтамассыз ете алатын бір адамның, білім нәрімен сусындау, парасатты болу, жақсы өнер адамы болу, атаққа бөленуге сияқты негізгі рухани құндылықтарға қол жеткізу мүмкіндігі, мүмкіндігі шектеулі, экономикалық жағдайы төмен адаммен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Іс, жұмыс, ақша табу рухани құндылықтардың қалыптасуына демеу болатын құндылықтар болып табылады. Экономикалық жағдайы төмен адамның сана-сезімі көбінесе негізгі құндлықтардың орындалуына кері әсерін тигізеді. Рухани құндылықтарды жоғары құндылық ретінде қабылдағанымен, негізгі құндылықтардан асып, шыға алмағандықтан оларды жүзеге асыра алмайды.[4.176 б]

Осы аталған рухани құндылықтар исламмен, ғылыммен астасып жатса, қоғамдағы жастардың да діни сауаты бейтарап қалмасы анық. Экс мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі: «Менің ойымша, ислам дінінен ғылымды, не болмаса ғылымнан Ислам дінін бөліп тастау қате. Бұл екеуі бірігіп, қосыла келе ғаламдық өркениетке жеткен. Сондықтан ислам дінін ғылым десек те, ғылымды дін десек те болады», – деп, білім мен ғылым құндылығы исламда да өрбитіндігін сенімділік пен орнықтылық ұялататын қорытынды айтады. Жеке тұлғаны қалыптастыру – оқып үйренуден басталады. Құран мен хадистерге де қарап отырсақ, ғылымның абыройы көтеіріліп, ғұламалар ардақталған. Исламда ғылыммен шұғылдану сауабы – нәпіл намаздардан да жоғары тұрады. Ислам ең алдымен білімді иманның серігі қылып, қадірін көтерді. Сондай-ақ, ғалымдарды да ардақтауға бұйырды. Білім мен иман-ислам өркениетінің негізі.[4. 186,187]

Интеллектуалдылық құндылықтары ретінде әрбір мұсылманның парызы – білім іздеу. Білім іздеу арқылы адам әлемдегі нәрселердің жаратылысына ой жүгіртуге, оларды танып-білуге құштарландырады. Ол арқылы ой-өрісі, білім мен ғылымға деген қызығушылығы оянып, адамзаттың көкжиегі кеңіді. Ислам – ең басты кезекте ғылымды қолдады. Себебі, исламда ғылым иманның серігі, сондықтан ғалымның ғылыми еңбектері нәтижесінде шариғат жанданып, ислам заңдылықтары сақталды. [4. 209 б]

Қазіргі қоғамымызда жастардың діни сауаттылығын дінге жаңадан бет бұрған жастарымыздан көруге болады. Біздің мемлекетіміз зайырлы дін болғанымен енді  дінімзге кең еркіндік беріп жатыр. Жастарымыз шет мемлекеттерге шығып діни ілім алып, елге келіп, белді қызмет орындарында лауазымды қызметтер атқарып жатыр. Біз өмір сүріп жатқан күрделі әрі қарама-қайшылықтарға толы бұл ғасыр өткен ғасырлардан мүлдем ерекше.

 Негізінде ислам дінің бүгінгі таңда, келер ғасырларда да қоғам тынысынан оқшау қалдыруға болмайды. Өйткені, оның негізі адамзат өмірінің материалдық және рухани қырын жан-жақты әрі кеңінен қамтиды. Нақты айтқанда қоғамдық өмірдің барлық саласына бағытталған. Соңғы сөзімді елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мына сөзімен сабақтағым келеді: «Біздің ата-бабаларымыз қазіргі Қазақстанның дархан даласын, өмірді тану мен сезінудің ерекше рухын қорғап, бізге мұрагерлікке табыс етті. Ол рух еркін сүйгіштік рухы, тарихтың дүрбелең кезеңінде де өз күшін жоймады. Себебі, аға буын өкілдері өз бастарына қиын күн туған сәттерінде де бұл рухты сақтай білді», – деген дана сөздері алға үлкен міндеттер жүктейді. Жастар рухани әрі саяси сауатты болса, қоғам жаңарады, әрі өркендейді.

 

Марат Асанов
Орал облыстық орталық мешітінің наиб имамы,
Жастар бөлімінің өкілі.
 

 

Оқылды 1940 рет
JoomShaper
Top