«Кімде-кім бауырының айыбын жапса...»

Сәрсенбі, 13.04.2022

Бірде Әбүл-Хайсам:

– Менің кей көршілерім арақ ішеді. Осыларды ұстап беріп, бір жазалатсам ба екен? – дейді. Ұқба ибн Амр:

– Қой, олай жасағаның жөн болмас. Одан да оларға насихат айт, – деп ойын білдіреді.

– Қайдан, мені тыңдар емес. Әй, жазалатқан дұрыс-ау... – дейді көршісінің әбес қылығынан жапа шегуші.

– Жоқ, ондайға бармағаның абзал. Өйткені мен Алла елшісінің «Кімде-кім бауырының  айыбын жапса, тірідей топыраққа көмілген қыз баланы аман алып қалғандай сауапқа кенеледі» дегенін естіп едім», – деп, райынан қайтарады.

Оқылды 3712 рет
JoomShaper
Top