Маңызды бес нәрсе

Бейсенбі, 27.10.2021

Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) адамзаттың келешегіне көз жүгіртіп, тұнжырап былай деген:

«Сондай бір заман тап болғанда, үмбетім бес нәрсені ұмытып, бес нәрсені жақсы көретін болады:

Дүниені жақсы көріп, ақыретті ұмытады; 

Малды жақсы көргенмен, ақырет күні оның есебін беретінін ұмытады;

Жаратылғандарды жақсы көргенмен, Жаратушыны ұмытады;

Күнәні жақсы көріп, тәубаны ұмытады;

Сәнді сарайларды жақсы көріп, қабірді ұмытады».  

Қ. САБЫРЖАНҰЛЫ

Оқылды 235 рет
JoomShaper
Top