‒ Мына түйенің иесі қайда? – деп сұрады. Адамдар түйенің иесін іздеді, бірақ таба алмады. Түйенің таңнан кешке дейін жем-сусыз тастап кеткеніне ашуланған пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
‒ Алладан қорқыңдар! Дертін айта алмаған тілсіз хайуандарға хақсыздық қылмаңдар! Оларға күйлі, қуатты, семіз болғанда ғана мініңдер! – деді (Ахмад бин Ханбал).
* * *
Мейірім пайғамбары ретінде жіберілген Алла елшісінің осы оқиғасы оның хайуандарға да қаншалықты мейірімді екенін көрсетеді. Біз, мұсылмандар, кейде хайуан тұрмақ, адамға да тасжүректік танытамыз.
Сұлтан КЕРІМ