ИШИМ қатарында болған мысырлық азамат ВВС-ге сұхбат берді

Дүйсенбі, 13.07.2021

ИШИМ қатарында болған мысырлық азамат ВВС журналистерімен сұхбаттасып, басынан өткен жайттармен бөлісті. Алайда, ол өзінің есімін жария етуден бас тартты. Себебі, ИШИМ қатарында әлі де болса туыстары бар екен. Соларға зияны тиіп кетуден қорқады.

 

«Алғашында мен Сирияда Башар Асадқа қарсы соғыстарға қатыстым. Кейін біздің әскер ИШИМ-ге қосылды. Міне, содан бастап алғашқы күннен ислам шариғаты жайлы дәріс өте бастадық. Алайда, ол жердегі шариғат ислам дініне мүлдем сәйкес келмейді. Олар өздері ойдан құрастырып алған ислам жайлы сабақтар жүргізе бастады. Осылайша, ИШИМ өздерінің алғашқы этаптарын адамдардың санасын улаумен айналысады.

Екінші этап – қарулы жорыққа дайындық. Алғашында Сирия халқы ИШИМ-ді дұрыс бағытта деп ойлады. Себебі, Башар Асадтың саясатынан әбден шаршаған халық ИШИМ-ді құтқарушы күш деп қабылдады. Уақыт өте келе халық ИШИМ-мен тығыз байланыс жасағаннан кейін, соларға бағынышты болды.

ИШИМ-нің «Сен бізбен біргесің немесе бізге дұшпансың» деген ұрандары бар. Олар қарапайым халықты өздері ойлап тапқан шариғат жолмен жүруге мәжбүр етті. Ал, бұл жолмен жүрмегендерді аяусыз өлтіріп жатты.

ИШИМ қатаң жүйемен жүреді. Ер адамдар міндетті түрде сақал өсіріп жүруге тиісті, ал, әйелдер барлық жерлерін бүркеп алулары керек. Кез-келген көзқарас олардың көзқарасымен сәйкес болуы керек. Егер шариғи тұрғыдан артық сөз сөйлеп немесе теріс көзқарас білдірсең, міндетті түрде жазалайтын.

ИШИМ шетелдерден жастарды қатарына тартумен көп айналысады. Жастардың санасын улап, әбден мәңгүрт етіп, дайын әскер қылып шығарады. ИШИМ қатарында осындаймен айналысатын білікті психолог мамандар бар.

Сонымен қатар, ИШИМ қол астындағы жергілікті жерлерде тек өздері ғана билік жүргізеді. Қарапайым халыққа олардың ісіне араласуға мүмкіндік бермейді.

Қазіргі таңда ИШИМ басқарып отырған Әбу Бакрәл-Бағдадидың қолында мыңдаған бейкүнә мұсылманның қаны жатыр. Бұл ұйым ешбір ислам дініне сәйкес келетін амал жасап жүрген жоқ. Бұлардың қатыгездігін көріп мұсылмандыққа жат тірліктер істеп исламды қаралап жатқандарына бүгінде көзім жетті». 

Жалғас АСХАТ, дінтанушы 

 

 

 

 

Оқылды 3594 рет
JoomShaper
Top