Қауіпсіз келіссөз жүргізу мүмкіндігін жасаған астанаға ризашылықпен аттанып барамыз

Сенбі, 14.09.2021

Астанада өткен діндер форумының бірегейлігі сол - оған қатысушылардың деңгейі ауқымды болды, деп мәлім етті журналистерге берген сұхбатында Американың Христиан шіркеулері одағының президенті, АҚШ дін қайраткерлері делегациясының жетекшісі Леонид Кишковски әкей.

Қазақстанның елордасы - Астанаға алғаш рет келіп отырған Л.Кишковски, сапарға дән риза екенін жеткізді. «Мемлекет басшысы мен республика Үкіметі осынау форумға ұйытқы болып отыр. Егер бұл съезді осындай басқа шаралармен салыстыратын болсақ, Діндердің дүниежүзілік конференциясы премьер-министрлер деңгейінде өткен еді, ал Астана форумы президенттер деңгейінде болды», - деп атап көрсетті делегация жетекшісі.

Л. Кишковски «Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІІ съезіне қатысушылардың барлығы Астанадан үлкен әсермен елдеріне оралатындарына, қауіпсіз келіссөздер жүргізу мүмкіндігін жасаған Қазақстан Президенті мен Үкіметіне үлкен ризашылықпен аттанатындығына» сенім білдірді.

Американың христиан шіркеулері одағының президенті Леонид Кишковскидің ІІІ съез аясындағы баспасөз мәжілісіндегі сөзінен

Дереккөз

 

 

 

Оқылды 741 рет
JoomShaper
Top