Діндер съезі Қазақстанның толерантты мемлекет екендігін көрсетеді

Сенбі, 14.09.2021

Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кеннет Фэйрфаксті қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ-тың екіжақты қатынастарын одан әрі нығайту мәселелері бойынша пікір алмасылды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.

Жүздесу барысында Сенат спикері Қ.Мәми Қазақстан мен АҚШ-ты өзара іс-қимылдың ауқымды салаларын қамтитын стратегиялық әріптестік байланыстыратынын атап өтті. Бұл ретте  Төраға жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс елдер арасындағы өзара сауда қарқынына әсер етпегеніне де тоқталды. Бұдан бөлек, парламентаралық байланыстарды екіжақты қатынастардың маңызды құрамы ретінде айта келіп, Қ.Мәми Қазақстан мен АҚШ-тың заң шығару билігі тармақтарының арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту жайына тоқталды. «Ағымдағы жылғы 30-31 мамырда Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV Съезі өтетіні белгілі. Аталған форумның мақсаты жаңа қауіп-қатерлер аясында әлемдік діни лидерлердің күш-жігерін біріктіру болып табылады», - деді Сенат басшысы. Оның пікірінше, форумға қатысатыны туралы нақтылаған америкалық делегацияның жоғары деңгейі АҚШ діни қауымдастығының Съезд идеяларын ілгерілетуге мүдделі екендігін айғақтайды.

К.Фэйрфакс, өз кезегінде Қазақстан мен АҚШ арасындағы табысты ынтымақтастықты атап өте келіп, қолдау білдіргені және заң шығару саласындағы өзара жемісті іс-қимыл үшін Парламент Сенатына ризашылығын жеткізді. «Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларын жоғары бағалаймын. Ал қазақстандық діни форум туралы бүкіл әлем біледі. Бұл сіздердің елдеріңіздің толерантты мемлекет екендігін көрсетеді», - деді Елші.

АҚШ-тың Қазақстандағы экс-төтенше және өкілетті елшісі Кеннет Фэйрфакстің Парламент сенатының төрағасы Қайрат Мәмидің қабыладуындағы сөзінен

Дереккөз

Оқылды 723 рет
JoomShaper
Top