Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары IV съезі жоғары деңгейде өтіп, алға қойған мақсатына қол жеткізуге көмек болды

Сенбі, 14.09.2021
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары IV съезі жоғары деңгейде өтіп, алға қойған мақсатына қол жеткізуге көмек болды

 

 

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Қайрат Мәмидің атына  Дүниежүзілік Ислам Лигасының Бас хатшысы Абдулла бен Абдель Мухсиннен хат келіп түсті.

Онда «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері IV Съезі жоғары деңгейде өтті, сөйтіп, конференцияның табысты болуына және алға қойған мақсатына қол жеткізуге көмек болды» деп атап өтілген. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.

«Біз Съезд жұмысына және онда қол жеткен нәтижелерге өте ризамыз. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев басшылық ететін қазақстандықтарға Жаратушыдан игілік пен өркендеу тілеймін. Осы сәтті пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының Елбасына зор денсаулық және бақыт тілегім келеді», -деп жазады хат соңында Астанадағы діни форумға қатысушы Абдулла бен Абдель Мухсин.

Дүниежүзілік Ислам Лигасының бас хатшысы Абдулла Бен Абдель Мухсиннің Съез хатшылығының басшысы Қайрат Мәмидің атына жолдаған хатынан

Дереккөз

 

 

 

Оқылды 687 рет
JoomShaper
Top