Қазақстандағы түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы қарым-қатынастар бақытты болашақты бірге құру ниетіне негізделген

Сенбі, 14.09.2021

Бүгінде Астанадағы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің болашағы мен бүгінгісіне ешкім күмән келтірмейді.

Бұл туралы кеше Ватиканда ҚР Парламенті Сенатының төрағасы-Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының жетекшісі Қайрат Мәмимен болған кездесу барысында Папа кеңесінің басшысы, кардинал Жан-Луи Торан айтты.

«Мен ең алдымен, бұл съездің өткеніне, жалғасын тапқанына және тұрақты өткізіліп тұратынына қуаныштымын. Қазақстан Президентінің бастамасы бар және дамытылуда, және бүгінде Съездің бар екеніне және болашағына ешкім күмән келтірмейді», - деп атап өтті әңгімелесу барысында кардинал.

Ол сондай-ақ Қазақстанда түрлі конфессиялардың арасында қалыптасқан өзара түсіністіктің жоғары маңыздылығы мен бірегейлігін атап өтті.

Папа кеңесінің басшысы, Кардинал Жан-Луи Торанның  Съез хатшылығының басшысы Қайрат Мәмимен кездесуіндегі сөзінен

Дереккөз

 

 

 

Оқылды 748 рет
JoomShaper
Top