Коичиро Мацуура - ЮНЕСКО-ның Бас директоры

Жұма, 23.08.2021
Коичиро Мацуура - ЮНЕСКО-ның Бас директоры

Дінаралық диалог жайында. Бүгінгі бүкіл жер шарын камтитын жағдайда біз осы маңызды пікірді естен шығармауымыз керектігі жөнінде мен Сізбен толық келісемін, Президент мырза.

Президент мырза! Құрметті съезге қатысушылар, ханымдар мен мырзалар! Қазақстан Республикасының осы өскелең әрі жас астанасы - Астанада екінші рет өткізіліп отырған Әлемдік және дәстүрлі діндер басшьшарының Съезін өткізуге байланысты сіздермен бірге болу мен үшін үлкен құрмет әрі сүйсінерлік жәйт.

Мен өзімнің сөзімді Президент Назарбаевты осы өте маңызды бастаманы ұйымдастыруымен және барлық қатысушыларға көрсетілген жылы қабылдауымен құттықтаудан бастағанды жөн көріп тұрмын. Мен осымен қатар Қазақстандағы діни кауымдастықтар арасындағы диалогтың нығаюына бағытталған күш-жігерді де атап өткен болар едім. Сонымен, Президент мырза бейбіт қатар өмір сүрудің моделін жасады және сондай-ақ әртүрлі діндердің адамдары үйлесімділікпен бірге өмір сүре алатындығын әлемге паш етті.

Маған сіздерді құттықтауға және әлемнің әр қиырынан келген барлық дін басшыларына рахмет айтуға рұқсат етіңіздер.

Мен мұнан ғалымдарды, мемлекеттік және көрнекті қоғам қайраткерлерін көргеніме өте куаныштымын. Осы съезге мұңдай кең қолдау көрсетушілік халықаралық қауымдастық шеңберінде терең қажеттіліктің дәлелі болып табылады. Ол дінаралық диалог үшін платформа құруда діни төзбеушілік пен экстремизмнің арта түскендігін еске салады.

Дінаралық диалог жайында. Бүгінгі бүкіл жер шарын камтитын жағдайда біз осы маңызды пікірді естен шығармауымыз керектігі жөнінде мен Сізбен толық келісемін, Президент мырза. Әлемде шешім кабылдайтын адамдар, соңдай-ақ діни басшылар мәдениеттілік дауларына өздерінің теріс көзқарастарын тағы да атап байқатып, әділеттілікке, толеранттылыққа және бір-бірін құрметтеуге арқа сүйеулері тиіс.

Президент мырза, ханымдар мен мырзалар! ЮНЕСКО үшін осы оқиғалармен байланыста болу - өте бір үлкен құрмет. Бүл өлке әртүрлі дінаралық кездесулер өткізу үшін белгілі бір өріс жасады. Ханымдар мен мырзалар, мен сіздерді ЮНЕСКО-ның әртүрлі айтыстар мен конференцияларға тек қатысып қана қоймай, сонымен қатар біз осы бағдарлама негізінде диалогтың онан әрі өркен жаюын қамтамасыз ететіннің бәрін қаперімізге алатындығымызға сендірер едім. Діни басшылармен серіктес болу біздің ұйымдарымыз үшін өте маңызды. Мұның өзі - біздің ынтымақтастығымызды нығайту үшін тамаша мүмкіндік.

Мен баршаңызға табыс тілеймін! Рахмет.

Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің екінші съезінде сөйлеген сөзінен

 

 

 

Оқылды 763 рет
JoomShaper
Top