Кіршіксіз сенімді кір шалмасын

Сейсенбі, 17.09.2021
Кіршіксіз сенімді кір шалмасын

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі діни және рухани тұрақтылық мәселелеріне айрықша мән беруде.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі діни және рухани тұрақтылық мәселелеріне айрықша мән беруде. Бұл ретте «Қазақстан – 2050» стратегиясында осы тақырыпқа «ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін» деген жеке тарау арналды. 

Осы аптада Үкімет жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес кезекті отырысына жиылды. Кеңеске Президент Әкімшілігінің, Премьер-министр кеңсесінің, Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар мен дәстүрлі діндер бірлестіктерінің басшылары, дінтанушы-ғалымдар мен қоғамдық қайраткерлер қатысты.

Құжатта сондай-ақ қоғамда, оның ішін­де ең алдымен жастар арасында діни экстремизмнің алдын алуды күшейту, сондай-ақ тұрғындар арасында Қазақстан халқының дәстүрлері мен мәдени құн­ды­лықтарына сәйкес келетін діни сананы қалыптастыру қажеттілігіне ерекше назар аударылған.
Жаңа мемлекеттік бағдарламада діни экстремизмге және терроризмге қарсы тұ­ру­ды іске асыратын мемлекеттік ор­гандардың жұмысын ұйымдастырудың жа­ңа нысандары мен әдістері, соның ішінде халықтың діни сауаттылығын арт­тыру шаралары қарастырылған. Бұл ретте мем­лекет алдын алу шаралары арқылы қа­зақстандық қоғамның террорға қарсы са­на-сезімін 2017 жылға қарай 99,5-100 па­йыздық көрсеткішке жеткізуді мақсат тұту­да. Яғни енді бір бес жылдан кейін қа­зақстандықтар терроризмді мүлдем қа­былдамайтын тас-түйін қоғамға айналуы қа­жет. 

«Қазақстан – 2050» стратегиясында Мем­лекет басшысы дін атын жамылып, дү­ниені дүрліктіретіндерді, адамдарды өмір­ден айыратындарды «қылмыскер» ре­тінде қарастыруға шақырады: «Қазақ­стандағы экстремизм мен терроризмде идеялық емес, қылмыстық негіз бар. Жал­ған діни көпірмеліктің артында қо­ғам­ның негізін күл-талқан еткісі келетін қыл­мыстық іс-әрекет жасырынып жатыр. Бұл – біздің еліміздегі бейбітшілік пен тұ­рақ­тылыққа шабуыл. Бұл – біздің мем­ле­кеттігіміз бен азаматтық кемелдігіміздің мық­тылығының сынға түсуі» дей келе, Н.Назарбаев радикализм, діни  экстре­мизм және терроризмнің барлық нысан­дарымен жә­не көріністерімен күресті ал­дағы кезең­дегі басымдықты бағыт ре­тінде анықтады. 

Бірақ сонымен бірге бұл істе асыра сіл­теуге жол берілмеуін де қадап тап­сыр­ды: «Сөйте тұрып, мен ұлтты да сақ­тан­дыр­ғым келеді. Экстремизммен күрес әй­теуір жазықтыны іздеп табуға айналып кет­пеуге және дінмен күреске жалғасып кет­пеуге тиіс, – дейді Елбасы «Қазақстан – 2050»-де. – Дін мәселелерінде ойлас­ты­рылған қадам және өте мұқияттылық қа­жет. Мемлекет діни бірлестіктердің іш­кі ісіне араласпауға тиіс. Біз ұят, толе­рант­тылық және төзімділік еркіндігі при­н­цип­терін қастер тұтуымыз керек».

Айтқандай, Елбасы қойған міндетке сәйкес, бұдан былай Қазақстанда діни экст­ремизм мен терроризмге қарсы тұру­ға «әдістемелік негіз» болатын ғылыми-қол­данбалық зерттеулерді жүргізу сапасы арттырылады. Бұған қоса, мемлекеттік құ­рылымдардың ақпараттық-насихаттық жұ­мыстарына азаматтық қоғам инсти­тут­тары мен ұйымдары кең тартылатын болады. 

Дін істері агенттігінің мәліметінше, жа­ңа бағдарламаны жүзеге асыруға арна тар­татын 200 миллиард теңгедей мол қар­жының бір бөлігі қоғамдық ұйымдар ара­сында әлеуметтік тапсырыс ретінде үлес­тірілмек. Оның аясында үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық қайраткерлер ел ара­лап, алыс ауылдарға дейін жетіп, ха­лық арасында кең ауқымды «діни сауат ашу» шараларын жүргізуге тиістей. Дін іс­тері агенттігі қоғамдық ұйымдарға мем­лекеттік тапсырыс аясында қолға алынуға тиіс­ті жобалардың бір мысалы ретінде бас бос­тандығынан айыру орындарына ба­рып, сондағы адал жолдан адасқан жан­дар­­мен осы тақырыптарда әңгімелесуді, тү­сініктеме жұмыстарын жүргізуді ұсын­ды. 

Халықпен дін тақырыбында ашық сөй­лесудің керектігіне Қазақстан көш­басшысы бекер назар аудартып отырған жоқ. Мәселен, Дін істері агенттігінің тө­ра­ғасы Қайрат Лама Шарифке ғалам­тор­дағы блог арқылы Алматы қаласының Ша­ңырақ елді мекенінің өзін «Әсет Сә­метұлы» деп атаған тұрғыны жүгініп, мы­­надай сұрақ қояды: «Ассалаумаға­лей­кум! Әділет – бәріне теңдей үлестіру ме, әл­де әркімге өз тиісті хақысын беру ме? Әри­не, әркімге оған тиістісін беру! Бес жа­сар бала мен отыз жасар азаматтың жей­тін тамақ порциясы тең бе? Әрине жоқ! Олай болса неге халқымыздың ал­пыс пайызы ұстанатын Ислам мен бес-он немесе одан да аз пайызы ұстанатын дін­дер­ге тең приоритет берілуі керек?» 

«Құрметті Әсет Сәметұлы! – дейді агент­тік басшысы. – Қазақстан Респуб­ли­касы өзін демократиялық, зайырлы, құ­қықтық және әлеуметтік мемлекет ре­тінде орнықтырады, оның ең қымбат қа­зынасы – адам және адамның өмірі, құ­қықтары мен бостандықтары – басты бол­ғандықтан, мемлекетімізде тұратын ха­лықтың ұстанатын дініне, пайыздық мөл­шеріне байланысты шектеу қоюға, үс­темдік беруге, төмендетуге заң тұрғы­сынан тыйым салынған. Әлдінің әлсізге күш көрсетуі – әділетсіздік. «Біз көппіз, олар аз» деп басқа діннің құқығын шектеу де сол сияқты. Мұның арты жақсылыққа апармайды деген пікірдеміз»!

Осы салада қарапайым бұқарамен қа­тар, қалаулыларда да көкейтесті сауал­дар қордаланып қалғанға ұқсайды. Мәселен, Мәжіліс депутаты Ахмет Мурадов: «Діни экстремизм туралы сөз еткенде, оған қан­дай позиция тұрғысынан мемлекет баға береді? – дейді. – Егер бір мазһаб пози­ция­сынан бағаланса, басқа мазһабтармен ара­да қандай қайшылықтар анықтал­ған?»

– Біздің барлығымыз – мұсыл­ман­дар­мыз, жалғыз Ислам бар, және де осы Ис­лам­ды тану үшін 4 діни мектеп бар, – дей­ді Қайрат Лама Шариф. – Қазақстанда тұ­ратын 20-дан астам этнос негізінен, Ха­нафи бағытындағы Исламды ұстанады. Сон­дықтан «Діни қызмет және діни бір­лестіктер туралы» заңының кіріспесінде біз Ханафи бағытындағы Исламның та­рихи рөлін танитындығымызды атап көр­сеттік. 

Елбасы да өзінің «Қазақстан – 2050» Жол­дауында: «Біз мұсылманбыз, оның ішін­де Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сый­лауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұр­пақ та әлемдегі ең ізгі дін – ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал» деп қадап айтты. «Осыған орай біз жастарды Ханафизмге бағдарлаймыз. Және де бұл жұмыс осы бағытта жалғас­ты­рыла беретін болады» дейді Қайрат Ла­ма Шариф. 

Ал экстремизм сипатына қатысты са­ра­птама, Агенттік төрағасының нақты­лауын­ша, Үкіметтің арнаулы қаулысына, әдістемелік құралға сәйкес жүргізілетін көрінеді: «Қазіргі кезде Дін істері агент­тігінде сараптамамен Мәдениет пен дін халықаралық орталығында және Дін мә­селелері жөніндегі ғылыми зерттеу ор­талығында жұмыс істейтін 60 дінтанушы ай­налысады». Агенттік өз қызметін бас­та­ғалы 4344 діни кітап пен басқа да ақ­па­раттық материалдарға сараптама жүр­гіз­ді. 148 материал бойынша теріс қо­ры­тынды берілді. Қазіргі таңда 1923 діни кітапқа дінтану сараптамасы жүргізілуде. 

«Мұның барлығы – басқаны зерік­ті­ре­тін, машақатты, тынымсыз еңбек, бірақ соған қарамастан біз кестеден қалмау­дамыз. Жалпы, сараптама жүргізуге 1 ай бе­ріледі, егер күмән туындаса, біз тағы 1 ай­ға соза аламыз. Бұл заңмен бекітілген мер­зім» дейді Қ.Лама Шариф. Оның айтуынша, Агенттіктің барлық аумақтық департаменттері жанынан сарапшылар кеңесі құрылыпты. Оған сол өңірлердегі ЖОО-ларда дәріс оқитын философия ғы­лымдарының докторлары мен про­фес­сорлары тартылған екен: «Олар белсенді қа­тысуда, біз лотқа қоятын әртүрлі мем­лекеттік тапсырыстарды жеңіп алады». 

Мұның сыртында 150 отандық ғалым­дар мен дін саласы мамандарының басын қос­қан Қазақстан дінтанушыларының конг­ресі құрылды. «Оған сенатар ака­де­мик Ғарифолла Есім төрағалық етеді» дей­ді Дін істері агенттігінің төрағасы. Оның дерегінше, осы Конгрестің көптеген мү­шелері де сараптама жасауға қатысу­да.

«Қазақстан – 2050» стратегиясы: қа­лып­тасқан мемлекеттің жаңа саяси ба­ғы­ты» атты Жолдауында Қазақстан көш­бас­шы­сы «дәстүрлі емес секталар мен кү­мән­ді жалған діни ағымдардың іс-әрекетін қатаң түрде тыйып отыруды» міндеттеді. Бұл ретте Дін істері агенттігі миссионерлік қызметті реттеу мақсатында «ше­телдік миссионерлердің елге келу тәр­тібін нақты бекіткен. Бүгінде уағыз жүр­гізуге ұлықсат беретін куәлік алғандар мис­сионерлік қызметін «тек сол құжатта бел­гіленген өңірлерде ғана жүзеге асыра ала­ды». Осы тәртіп негізінде елімізде 394 мис­сионер тіркелді. 

19.07.2021

Дереккөз

 

 

 

 

Оқылды 956 рет
JoomShaper
Top