Министр Нұрлан Ермекбаев «Асыл арна» жұмысымен танысты

Жұма, 24.02.2022

Астана. 24 ақпан. E-ISLAM – Бүгін Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев республикалық «Асыл арна» телеарнасына барды.

Нұрлан Байзақұлы телеарна орналасқан ғимаратты толық аралап көріп, шығармашылық, техникалық құраммен танысты. Осы күнге дейін атқарылған шаруаларға оң бағасын берген министр «Асыл арна», Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі және Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы арасында жасалған үш жақты меморандум негізінде елеулі жұмыстар атқаралып жатқанын атап өтті. Елбасы Жолдауы мен мемлекеттік саясаттың насихатталуы, экстремизммен күрестегі ағартушылық шараларының арна эфирінде көрініс табуына оң бағасын берді.

Сондай-ақ, Нұрлан Ермекбаев «Асыл арнаның» қоғамдағы орны ерекше екенін тілге тиек етіп, алдағы уақыттары министрлік пен телеарна арасындағы байланыс әлі де нығая түсетінін жеткізді, ұжымның шығармашылық жұмыстарына табыс тіледі.

Оқылды 222 рет
JoomShaper
Top