Ескеруге тиіс басты мәселе сонда – ислам қағидаларының сенімге (ақидаға) қатысты тұстары өзгермейді (пайымдау ерекшеліктері – бөлек мәселе). Ал тұрмыс-тіршілікті, қарым-қатынасты реттейтін құқықтық нормаларға (фикһқа) қатысты бөлігінде уақытқа, мекенге (ортаға) сәйкес өзгерістер орын алуы мүмкін. Осындай өзгерістер ислам тарихында бірнеше мазхабтың қалыптасуына негіз болды. Бүгінде әлем мұсылмандарының басым бөлігі ұстанатын, Қазақстан мұсылмандары үшін де дәстүрлі болып табылатын ханафи мазхабының іргесін қалаған имам Ағзам Әбу Ханифа ілімінде ислам дінін қабылдаған жергілікті халықтардың салт-дәстүріне баса мән берілді. Ханафи мазхабында әдет-ғұрыптар исламдағы пәтуа шығарудың, яғни белгілі бір мәселеге қатысты діни үкім берудің бір негізі ретінде саналады. Демек, жергілікті халықтың дәстүріне тән қандай да бір әдет немесе ғұрып ислам шариғатына қайшы келмесе, оны қолдануға, сол бойынша іс-әрекет етуге ешбір шектеу қойылмайды. Құран үкімдерінде, хадистерде, ислам ғұламаларының пәтуасында қарастырылмаған қандай да бір жағдайға қатысты жергілікті халықтың әдет-ғұрпы арқылы шешім берілген болса, сол әдет пәтуа ретінде қабылданады. Ханафи мазхабы бойынша сонымен қатар исламға дейінгі шариғаттар да пәтуа шығарудың негізі бола алады. Бұл жағдайда да белгілі бір халықтың исламға дейінгі ұстанған сеніміне сәйкес қалыптасқан дәстүрлер мен іс-әрекеттердің ислам шариғатына қайшы келмеуі басты өлшем болып саналған. Осының барлығы Әбу Ханифа негізін салған мазхабтың икемділігін, жергілікті жағдайларға бейімделгіштігін, дәстүрдің озығы мен тозығын ажырата отырып, ақыл-парасатқа негізделгендігін аңғартады. Осы мазхабты ұстанған қазақ халқының бүкіл әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері ислам қағидаларымен үйлесіп, кірігіп кетті. Халқымыздың дәстүрлі құқығы болып табылатын әдет-ғұрып заңдары өз бастауын сонау ерте кездегі тайпалық дәуірлерден алатыны белгілі. Мемлекет басқару жүйесінен бастап, азаматтық қарым-қатынастарға дейін толығымен дерлік әдет заңдарымен реттелді. Ғасырлар бойы ауызша қолданыста болған заңдардың бертінде жазбаша нұсқалары да қалыптасты. Көк Түріктердің «Төре бітігі», Шыңғыс ханның «Ясасы», Өзбек хан мен Едіге бидің «Низам» жүйесі, Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, әз Тәукенің «Жеті жарғысы» заманалар бойы қолданылған әдет заңдарын жүйелеп, жаңғыртып, ішінара өзгертіп жеткізіп отырған құқықтық құжаттар болды. Жергілікті жағдайларға, басқару жүйесі мен құқықтық қатынастарға сәйкес туындаған әдет заңдарына ислам шариғаты күрт өзгеріс әкеле қойған жоқ. Керісінше әдет заңдары ислам дінімен қатар даму барысында мазмұндық жағынан бірте-бірте бейімделуге ұшырады деуге болады. Ал ислам арқылы түбегейлі өзгерістер енгізілген тұстар негізінен ғұрыптық жерлеу рәсімдері секілді нақты діни сипатқа ие жораларға қатысты орын алды. Жоғарыда айтылған ислам діні мен қазақ дәстүрінің ғасырлар бойғы астасу үдерісінің нәтижесінде шариғат пен әдеттің қатар өмір сүру формалары қалыптасты. Қазақ жерінде Ресей отарлық саясаты нәтижесінде құрылған сайлау жүйесі мен кеңестік кезеңдегі заң билігі дәстүрлі әдет-ғұрып институттарының күшін жоюдың негізгі сатылары болды. Екінші дүниежүзілік соғыс тұсында ресми дін өкілдерінің өз қызметін жүзеге асыруына мүмкіндік беруге мәжбүр болған кеңестік билік органдары сонымен бір мезгілде шариғат пен әдет үндестігіне балта шабудың барлық шараларын қарастырып отырды. Осы мақсатта ресми дін өкілдері атынан әдетке бейімделген тариқаттарға қарсы үкім шығарғызылды. Шариғатты әдетке қарсы қою – дінді өмір сүру формасынан айыру, дінді өлтіру арқылы ұлтты өлтіру әрекетінің бастауы еді. Кезінде бірқатар ориенталистік зерттеулер де осы мақсатқа бағытталды. Өкінішке орай, әлі де сол арандатушы саясаттың, негізсіз пікірлердің әсері жойылған жоқ. Осыны ескере отырып, рухани тарихты зерделеуде осындай ақтаңдақтар қайта қаралып, өскелең буынға орнықты бағыт берілуі қажет деп санаймыз.
Мухан Исахан
Юрист, специалист по шариату
Краткая биография
Мухан Исахан – юрист, специалист по шариату, родился 8 ноября 1978 г. в Ордабасинском районе ЮКО. В 2000 году окончил юридический факультет Международного Казахско-Турецкого университета им. Х.А. Яссауи, в 2002 году успешно закончил магистратуру и в 2006 году аспирантуру того же университета. В настоящее время проходит обучение в докторантуре по специальности «Религиоведение» в Казахско-Египетском университете «Нур» . В разные годы работал научным сотрудником, переводчиком, руководил отделом по делам религий газеты «Казахстан-Заман». Автор порядка 30 научных статей, 60 публицистических статей и монографии «Ислам и каламные мазхабы». Более 15 лет исследует тему «Правовое регулирование взаимоотношений государства и религии». М. Исаханом внесены десятки предложений в проект Закона «О религиозной деятельности и религиозных объединениях РК». Готовится к печати монография «История политических мазхабов».
Приветственное слово
Ассаламу алейкум, уважаемые читатели!
Я – Мухан Исахан, теолог, докторант Казахско-Египетского университета «Нур». Как эксперт готов ответить на вопросы, касающиеся следующих тем: жизнь и деятельность пророка Мухаммеда (с.а.с.), история появления мазхабов в Исламе, суфизм и тарикаты, религиозные праздники в Исламе, религиозное право граждан в соответствии с законодательными нормами РК.
Книги
- Книга №1
- Книга №2
- Книга №3
Статьи
- Мәуліт мерекесі – Мұхаммед (с.ғ.с.) мерейі
- Садақа беру – сауабы мол игі іс!
- Зекет бермеу – дінге опасыздық жасағанмен тең
- Тарихи оқиғалар желісі бойынша имам Матуридидің сенім ілімі
- Ақтау қаласында «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу мәселелеріндегі БАҚ рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
- Айтайық, жарапазан...
- Тарауих намазының шариғаттағы дәлелі һәм рухани мән-мазмұны
- Исламның қазақ даласына таралуы
- Миғраж – ұлы жеңістердің хабаршысы
- Өзін-өзі жарған шаһид пе?
- Оразаны қанша күн тұтамыз?
- Сириядағы қанды қақтығыс «сунниттік-шииттік майдан» ба?
- Діни білім берудің заманауи тетіктерін игеру жайында
- Оразаның уақыты неге ауыспалы болып келеді?
- Қасиетті Қадір түні
- Көркем мінезді болудағы сабырдың орны
- Рамазан - Сабыр мектебі
- «Шахид болу» идеологиясының қателігі
- Ораза - мәңгілік бақытқа қол жеткізер құндылық
- Хақ үкімдері қатып-семіп қалған догма емес
- Уаһабшылдар қозғалысының ұлт жаназасын шығарудан басқа мақсаты жоқ
- Ислам үрейлендіруге қарсы
- "Қадір" сөзінің мағынасы
- Жұмаққа жолдама әперер иллаһи мүмкіндік
- Қасиетті кештегі айтылар дұға-тілек
- Қадір түнін күндізден күту керек
- Ораза - мәңгілік бақытқа қол жеткізер құндылық