«Ливия таңы» деген атпен танымал қарулы топ өткен айда елдің халықаралық әуежайын басып алған еді. Содан бері 2 мемлекеттің әуе компанияларына тиесілі 11 ұшақ жымқырылған. Енді соңғы 2 апта бойы АҚШ Үкіметі Ливиядағы жағдайдың ушығып бара жатқанын келтіре отырып, содырлар иемденген әуе көліктері 11 қыркүйек күні террорлық қауіп төндіруі ықтимал екенін алға тартуда, деп хабарлайды 24.kz. «Осыдан 13 жыл бұрын 11 қыркүйекте біз ұрланған ұшақтардың қандай қауіп төнгенін көрдік. Енді оның алдын алудан басқа амалымыз жоқ» деп санайды америкалық шенеуніктер. Бұл қасіретті күн Нью-Йоркте зәулім қос сауда ғимаратын талқандаумен тарихта қалса, осыдан екі жыл бұрын дәл осы күні ислам жасақтары Ливия астанасындағы АҚШ елшілігіне шабуыл ұйымдастырғаны белгілі. Нәтижесінде елші Кристофер Стивенспен бірге 3 америкалық дипломат қаза тапқан болатын.
e-islam.kz