БҚО-да заңсыз қызмет атқарған діни ұйым анықталды

Дүйсенбі, 27.03.2022

Астана. 27 наурыз. E-ISLAM –БҚО ішкі істер департаменті өңірдегі діни ахуалға мониторинг жүргізген кезде баптистердің заңсыз қызмет атқарғаны анықталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Аталмыш департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 5 ақпан күні Орал қаласы Көкшетау көшесі 5-мекенжай бойынша әділет органдарында тіркелмеген «Евангелие христиан баптистері» діни ұйымы өкілдерінің заңсыз жұмысы белгілі болды.

Аталған дерек бойынша ішкі істер департаменті қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 489-бабы 9-бөліміне сәйкес 8 әкімшілік іс қозғады. Соған сәйкес аталған діни ұйымға 50 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейінгі көлемде (113450 теңгеден 226900 теңгеге дейін) айыппұл салынуы мүмкін.

Сол секілді алдын алу шаралары барысында 26 ақпан күні Тасқала ауданы орталығы Тасқала ауылында Скоробогатов көшесі 61-мекенжайында тіркелмеген «Евангелие христиан баптистері» діни ұйымы екі өкілінің заңсыз діни қызмет атқарғаны әшкереленді. Аталған адамдарға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 489-бабы 10-бөліміне сәйкес әкімшілік іс қозғалды. 

Оқылды 562 рет
JoomShaper
Top