«Иегова куәгерлерінің» қызметі уақытша тоқтатылды

Жұма, 24.03.2022

Астана. 24 наурыз. E-ISLAM – Ресей билігі «Иегова куәгерлері» діни ұйымын экстремизмге қатысы бар деген күдікпен қызметін уақытша тоқтатты. «Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, әділет министрлігі 16 наурызда Жоғарғы сотқа «Ресейдегі Иегова куәгерлерінің басқару орталығын» экстремистік деп танып, қызметіне тыйым салу және ұйымды жою туралы талап-шағым түсірген.

Шағым 5 сәуірде қаралмақ.

«Иегова куәгерлері» орталығының мәлімдемесінде орталық қызметіне тыйым салу оның жақтастарын діни сенімі үшін, оның ішінде Інжілді бірге оқып, бірге құлшылық қылатыны үшін ғана қылмыстық қудалауға ұласуы мүмкін дейді.

АҚШ мемлекеттің департаменті 2016 жылы дін ұстану еркіндігі туралы жыл сайынғы есебінде Ресейде діни азшылықты құрайтын топтарға жүйелі түрде қысым көрсетілетінін, ал бас прокуратура «Иегова куәгерлері» діни ұйымының барлық 406 жергілікті діни бірлестігі мен 2500-ден астам қауымын экстремизмге қатысы бар деген айыппен жабуды талап етіп жатыр деп мәлімдеген, деп жазады Азаттық Радиосы.

Оқылды 966 рет
JoomShaper
Top