Ханафи мәзһабы бойынша намаз оқу үлгісі

Сенбі, 18.03.2022

Астана. 18 наурыз. E-ISLAM – Құлшылыққа ниетті қандастарымызға қуанышты жаңалық. Ислам жауһарлары және бір еңбекпен толығып, Ханафи мәзһабы бойынша намаз оқудың үлгісін ұсынған жаңа кітапша жарық көрді.

Ақтөбе облысының өкіл имамы Төлеби Оспанның құрастыруымен басылып шыққан «Пайғамбар үйреткен намаз» атты кітапша бүгін, қасиетті жұма күні Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің жамағатына таныстырылып, тегін таратылды.

ҚМДБ-ның сараптау комиссиясының мақұлдауынан өткен аталмыш кітапшаның өзге еңбектерден бір ерекшелігі,  мұнда намаздың әрбір амалы сенімді дәлел-дәйектермен бірге келтіріліп, толық түсіндірілген. Сондай-ақ, әйел адамның намаз оқудағы ерекшелігі де бөлек тақырыпшада қамтылып, әрбір амалдың орындалу реті діни дәлелдерге негізделіп жазылған.

Шағын болса да, сауапта салмағы ауыр кітапшаның теріс түсінікке тойтарыс беруде таптырмас құралға айналарына сеніміміз мол. Сондай-ақ, дәстүрлі исламдағы намаз оқу үлгісін мойындамай, сүннетке амал етуде шу шығаратын бауырларымыздың уәжіне ұтқыр жауап болады деген үміттеміз.

Оқылды 86 рет
JoomShaper
Top