Трамп террористерді дронмен жоюға рұқсат берді

Сейсенбі, 14.03.2022

Астана. 14 наурыз. E-ISLAM – АҚШ президенті Дональд Трамп Орталық барлау басқармасына (CIA) террористерді ұшқыш-роботпен атып, жоюға рұқсат берді. Бұл туралы The Wall Street Journal хабарлайды, деп жазады Хабар 24.

Бұл шешім экс-президент Барак Обаманың ұстанған бағытына қарама-қайшы келді. Себебі кезінде Обама барлаушылардың лаңкестерді дронмен атқылауына рұқсат жасамаған.

Бұрын барлау ведомствосы тек террористердің орналасқан жерлерін тауып, бұл мәліметті әскерилерге жіберетін. Артынша әскерилер террористерге соққыны өздері беріп отырды. Енді барлаушылар содырлардың отырған жерін анықтаған бойда олардың көзін бірден жоя алады.

WSJ мәліметінше, барлау басқармасы бұл шешімді іске асыруды бастап кеткен. Олар ақпан айында «Аль-Каида» тобының Сирия жеріндегі серкелерінің бірі Абу аль-Хейра аль-Масриді дронмен атып, көзін жойған.

Оқылды 244 рет
JoomShaper
Top