Путин мен Ердоған талқылайтын тақырып белгілі болды

Бейсенбі, 23.02.2022

Астана. 23 ақпан. E-ISLAM – Ресей мен Түркия президенттері Владимир Путин мен Режеп Тайып Ердоғанның наурыз айына жоспарланған кездесуінде С-400 ресейлік зенит-ракета кешенін жеткізу мәселесі талқыланады. Бұл жайында Түркия президентінің баспасөз хатшысы Ибрагим Калын хабарлады.

Оның айтуынша, Ердоған мен Путин Сириядағы ахуалды талқылайды және Ресей мен Түркия қарым-қатынасын тұрақтандыру аясындағы шараларды қорытындылайды.

Еске сала кетсек, екі ел басшысы Ресей мен Түркияның Ынтымақтастықты жоғары деңгейге көтеру бойынша отырысында бас қосады. Бұл туралы бірнеше апта бұрын жарияланды. Бұған дейін С-400 «Триумф» ракеталарын жеткізу жөніндегі Анкара мен Мәскеудің келіссөздер туралы «Ростех» бас директоры Сергей Чемезов мәлімдеген болатын.

Оқылды 273 рет
JoomShaper
Top