Сот алаңына 44 адам айыпты ретінде тартылды. Олардың барлығына ел президентіне қастандық жасау айыбы тағылған. Айта кету керек, осы іске қатысты азаматтарды сот залына сыйғызу мүмкіндігі болмауы себепті сот отырысы Сауда-өндірістік палата ғимаратында өтуде.
Айыпталушылардың басым бөлігі – әскерилер. Айыптау бойынша, дәл осы әскери азаматтар арқылы мемлекет басшысына қастандық жасау жоспарланған. Сотталушыларға сондай-ақ Фетхуллах Гүлен террористік ұйымына қатысты айып тағылған. Олардың кінәсі сотта дәлеленденсе өмір бойы бас бостандығынан айыру үкімі шығарылады.