Ислам институтының директоры марапатталды

Сейсенбі, 21.02.2022

Астана. 21 ақпан. E-ISLAM –  Моңғолия мұсылмандар одағының Төрағасы Сайран Қадырұлы мен Батырбек Қадысұлы Ислам институтының директоры Мурзабаев Кенжеәліні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына медальмен арнайы марапаттады.

Ислам институтындағы марапаттау салтанаты Дін және азаматтық қоғам министрлігі, Дін істер жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Кеңесұлы және Алматы қаласы, Дін істер жөніндегі басқарма басшысы Айдар Есенбековтың қатысуымен өтті.

Марапттау медалін Баянөлгей аймағынан Ислам институтына оқуға келген Қыдырма Шынарбек арнайы табыстап, екі ел арасындағы діни қарым-қатынастың алдағы уақытта бұдан да баянды бола беретініне сенім білдірген Дінбасының жылы лебізін жеткізді.

Оқылды 279 рет
JoomShaper
Top