Сириялық қарулы оппозиция басшысы Астанаға келді

Бейсенбі, 16.02.2022

Астана. 15 ақпан. E-ISLAM – Сириялық қарулы оппозиция басшысы, «Джейш аль-Ислам» тобының өкілі Мохаммед Аллуш бүгін Сириядағы ахуалды реттеу жөніндегі келіссөздерге қатысу үшін Астанаға келді.

Бұл ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ануар Жайнақов растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сирия мәселесі бойынша Астанадағы келіссөздердің (Астана процесі) бірінші басқосуы 23-24 қаңтар күндері өткен болатын. Онда Сириядағы соғыс қимылдарын тоқтатуға қадағалау жасау режимі бойынша тетіктер құру шешімі қабылданды.

Женевадағы БҰҰ қамқорлығымен өтетін сирияаралық келіссөздердің басталуы 23 ақпанға жоспарланған. 

Еске сала кетейік, бүгін, 16 ақпан күні Сирия ахуалын реттеуге байланысты Астана процесінің аясында жоғары деңгейде кезекті отырыс өтеді.

Кезекті кездесуге Иордания Корольдігі, Сирия Араб Республикасы, сол жердегі қарулы оппозицияның өкілдері, БҰҰ Бас xатшысының арнайы өкілі С. Де Мистура, сондай-ақ АҚШ бақылаушы ретінде шақырылып отыр. Бұған дейін Сирия мәселесін реттеуге арналған Астана процесінен кейін елордада xалықаралық теxникалық кездесу өткен болатын. Соның нәтижесі бойынша РФ Қарулы Күштері Бас шұғыл басқарма басшысының орынбасары, генерал-майор Станислав Гаджимагомедов мәлімдеме жасаған болатын.

Оқылды 471 рет
JoomShaper
Top