ДАИШ-та қанша қытай бар?

Сейсенбі, 14.02.2022

Астана. 14 ақпан. E-ISLAM – Сирия мен Ирактағы ДАИШ террористік ұйымы қатарында қанша Қытай азаматы бар? Бұл туралы деректі Сириядағы Қытай елшісі Имад Мұстафа жария етті.

Қытай елшісінің айтуынша, қазіргі уақытта террористік ұйым сапында Қытайдың 5 мыңға жуық қарулы қақтығыстарға қатысып жүр.

«Көптеген қытайлықтар Сирияға отбасыларымен бірге келген. Енді бізде YouTube желісіне мешіттерде автомат қаруларын асынып жиһадқа шақырушылардың бейнежазбасын салатын қытай балалары пайда болды» деп атап өтті елші.

Қытай елшісі И.Мұстафа сонымен қатар, қытайлық азаматтардың ДАИШ-пен қоса, Джебхат ан-Нусру террористік тобына да қосылғанын жеткізді. 

Оқылды 567 рет
JoomShaper
Top