Террорлық қауіптің «сары» деңгейі алынып тасталады

Жұма, 13.01.2022

Астана. 13 қаңтар. E-ISLAM – Қазақстанда 2017 жылдың 16 қаңтарынан террорлық қауіптің бірқалыпты («сары») деңгейі алынып тасталады, деп хабарлайды Baq.kz.

ҚР Антитеррорлық орталығы 2017 жылдың 16 қаңтарынан еліміздің барлық аумағында террорлық қауіптің бірқалыпты («сары») деңгейі алынып тасталатынын хабарлайды.

Шешімді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы ҚР Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы «Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» Жарлығының талаптарына сәйкес қабылдады.

Естеріңізге салып өтсек, Ақтөбедегі терактіден кейін 2016 жылдың 6 маусымында Қазақстан аумағында террорлық қауіптің сары деңгейі жарияланған еді.

Оқылды 343 рет
JoomShaper
Top